• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Қазақстан құрамасы Әлем кубогында екі жүлде алды

    Бүгін семсерлесуден Қазақстан қыздар құрамасы жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогында үздік үштікті түйіндеді.

    Бәсекенің соңғы, 2-күні командалар өзара кім мықтыны анықтады. Қайша Жәнібек, Диляра Исабекова, Полина Ко мен Әдемі Серікбайдан құралған ұлттық құрама Грузияны 45:17 есебімен ұтып, ширек финалға жолдама алды. Алайда онда Өзбекстаннан келген құрбыларына есе жіберді. Ал қола медаль үшін болған кездесуде Болгариядан 45:37 есебімен басым түсті.

    Командалық турнирге Қазақстан, Оңтүстік Корея, Түркия, Грузия, Болгария мен Өзбекстан қатысты.

    Кеше Әдемі Серікбай жекелей сында қола жүлдеге ие болған. Бұл дәл семсерлесуден жасөспірім қыздар арасындағы Қазақстанның алғашқы жүлдесі. Жалпы, елімізде бірінші рет ұйымдастырылған Әлем кубогына 10 елдің 50 спортшысы қатысты.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *