АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында дәстүрлі Билл Фаррелл мемориалы аяқталды. Бұл белдесулерге еліміздің еркін және әйелдер күресінің құрама командасы қатысты.
Екі күнге созылған жарыс қорытындысы бойынша әйелдер арасында апалы-сіңлілі Мәдина (68 кг) мен Жәмила Бақбергеновалар (72 кг) өз салмағында топ жарса, Марина Седнева күміс медальді (57 кг), Алтын Шағаева (55 кг) қола жүлдені жеңіп алды. Бұл — Мәдина мен Жәмила екеуі бірге алтын медаль алған екінші жарыс. Екі спортшы көктемде Моңғолия астанасы Ұлан-Баторда өткен Азия чемпионатында жеңіске жеткен еді.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА