• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Қазақстан Азия чемпионатында алты жүлде алды

    Оңтүстік Кореяның Тэгу қаласында өтіп жатқан пневматикалық қарумен нысана көздеуден XV Азия чемпионатының соңғы күні Қазақстан құрамасы күміс жүлдені иеленді.

    Ирина Юнусметова мен Валерий Рахимжан жұбы 10 метрден тапаншамен нысана көздеуде екінші орын алды. Бұл — біздің мергендердің осы сары құрлық бәсекесіндегі алтыншы жүлдесі.

    Осыған дейін винтовкамен 10 метрден нысана көздеуде Елизавета Безрукова мен Ислам Усейнов жұбы аралас сында қола медаль жеңіп алған еді. Ал командалар арасындағы сайыста еліміздің ерлер құрамасы күміс, әйелдер құрамасы қола жүлдегер атанды. Оның алдында Константин Малиновский мен Александра Ле жекелей бағдарламада үздік үштікті түйіндеген.

    Биыл Азиядағы 25 елдің 285 таңдаулы мергені жаңа рейтинг түзу жүйесі бойынша сынға түсті.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *