• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Азамат Дәулетбеков еркін күрестен әлем кубогының қола жүлдегері атанды

    Балуан Азамат Дәулетбеков АҚШтың Айова штатындағы Коралвилл қаласында еркін күрестен өткен әлем кубогы жарысында қола жүлдегер атанды.

    «Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК-ның хабарлауынша, Азамат 86 келіге дейінгі салмақта әлем құрамасы сапында кілемге шықты.

    Әлем құрамасы бәсекені екінші айналымнан бастады. Онда А.Дәулетбеков жапониялық Тацуия Шираиды 9:1 есебімен тізе бүктірді. Дегенмен жартылай финалда ирандық Әлиреза Мұхаммед Каримимачианиге жол берді.

    Азамат қола жүлде үшін белдесуде грузиялық Сандро Аминашвилиді 8:2 есебімен ұтып, үздік үштікке ілікті.

    Ббұдан бұрын үстел теннисінен Алан Құрманғалиевтің әлем чемпионатында алтынға қоса қола медаль жеңіп алғанын жазған болатынбыз.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *