• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Ангелина Лукас UBO чемпионы атанды

    Боксшы Ангелина Лукас Алматыда өтіп жатқан бокс кешінде кәсіпқой рингтегі үшінші айқасын өткізіп, UBO чемпионы атанды.

    Ол бұл титул үшін, яғни UBO тұжырымы бойынша екінші аса жеңіл салмақтағы әлем чемпионы Танзания өкілі Лулу Каягемен кездесті. Кездесуде Лукастың қарсыласы екінші раундтан кейін жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты.

    Осылайша, Ангелина Лукас кәсіпқой бокста үшінші рет жеңіске жетіп, UBO-ның әлем чемпионы атанды.

    Ал Лулу Каяге профи-рингте тоғызыншы рет жеңілді. Ангелина Лукас болса осыған дейінгі жекпе-жегінде UBO International титулын жеңіп алған болатын.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *