• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Жас теннисшілер ITF Juniors турнирінің жеңімпазы атанды

    Астанада «Дәулет» теннис орталығында 18 жасқа дейінгілер арасында бесінші санаттағы ITF Juniors турнирі мәресіне жетті.

    Қыздар арасында қазақстандық Ульяна Романова жекелей сында үздік шықты.

    У.Романова финалда ресейлік Ксения Крупенинаны 6:3, 4:6, 6:2 есебімен тізе бүктірді.

    Жұптық сында Әдемі Аманкелді мен Сати Әубәкірова ресейліктер Кристина Белкова – К.Крупенинадан айласын асырып, жеңімпаз атанды. Бұл кездесу 6:2, 6:3 есебімен аяқталды.

    Ұлдардан Ілияс Маратұлы абсолютті жеңімпаз болды. Ол жекелей сында командаласы Кирилл Колгановтан басым түсті. Есеп — 6:4, 6:3. Ал жұптық сында тағы бір қазақстандық Илья Ведмедьпен бірге соңғы бәсекеде отандастары К.Колганов – Виталий Зацепинді жеңді. Есеп – 1:6, 6:1, 10:2.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *