• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Роналду «Реалдың» базасында жаттығып жүр

    Португал футболшысы Криштиану Роналдудың Мадридтің «Реал» клубының базасында жаттығып жүргені белгілі болды. Бұл туралы «Чемпионат.ру» хабарлады.

    Катарда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатының ширек финалында жарыс жолынан шығып қалған Португалия құрамасымен бірге елге қайтқан Криштиану Роналду уақытты босқа өткізбей, бұрынғы клубында жаттыға бастады.

    Ол «Король клубының» сапында 2009-2018 жылдары өнер көрсеткен болатын. Қазір оның клубы жоқ, – делінген хабарламада.

    Порталдың хабарлауынша, португал ойыншысы испан клубы алаңдарының бірінде өзінің спорттық бабын сақтап қалу үшін жаттығып жатыр екен. Ал «Король клубының» негізгі құрамы басқа базада жаттығып жүргенге ұқсайды.

    Бұдан бұрын Роналду британиялық журналист Прис Морганға берген сұхбатында «Манчестер Юнайтедтің» бас жаттықтырушысы Эрик тен Хагтың нашар жағын, командадағы ахуалдың олқы тұстарын айтамын деп үлкен дау-жанжалға ұрынған еді. Шамасы, оның ащы сын-ескертпесі клуб басшылығының шымбайына қатты тиіп кетсе керек. Осыдан кейін команда қожайындары онымен келісімшарттың бұзылғанын жариялады.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *