Алматыда шахматтың рапид және блиц түрлерінен әлем чемпионаты өтеді.
Қала әкімдігінің мәліметіне қарағанда, жарыс 25-30 желтоқсан аралығында Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайында болады.
Оған 50 мемлекеттен 300-ге жуық шахматшы қатысады. Ашық турнирлерде 176 ер мен 98 әйел бақ сынасады. Чемпионаттың жеңіске үміткерлері қазіргі әлем чемпионы Магнус Карлсен (Норвегия, желтоқсан айындағы тізімдегі рейтингі 2859, Хикара Накамура (АҚШ, 2768), Фабиана Каруана (АҚШ, 2766), Ян Непомнящий (FIDE, 2793), Аниш Гири (Нидерланд, 2764), Александр Грищук (ФИДЕ, 2745), Шахрияр Мамедьяров (Әзербайжан, 2740), Ян-Кшиштоф Дуда (Польша, 2729), Юй Янъи́ (Қытай, 2728), қазіргі чемпион Максим Вашье-Лаграв (Франция, 2737 — Блиц). Сонымен бірге басқа да атақты шахматшылар қатысады.
Әйелдер арасында Александра Горячкина (ФИДЕ, 2584), Катерина Лагно (ФИДЕ, 2563), Хампи Конеру (Үндістан, 2572), Тан Жонгуй (Қытай, 2518), Нана Дзагнидзе (Грузия, 2517), Харика Дронавали (Үндістан, 2507), Жансая Әбдімәлік (Қазақстан, 2496), Сарасадат Хамедальшарьех (Иран, 2490), Антоанета Стефанова (Болгария, 2442), қазіргі чемпиондар Александра Костейнюк (ФИДЕ, 2520 — рапид) мен Бибісара Асаубаева (Казахстан, 2440) сияқты даңқты спортшылар және де басқа да мықты шахматшылар ойнайды.
Ашық чемпионатқа қатысу үшін рейтинг 2550-ден кем болмау керек. Әйелдер арасында 2250-ден кем емес. Сонымен қатар қазіргі ұлттық чемпиондар рейтингтен тыс, ФИДЕ президенті тарапынан 10 номинант, ұйымдастырушылар тарапынан 15 номинант (ашық турнир) және 10 номинант (әйелдер турнирі үшін) қатыса алады.
Жүлде қоры — 1 миллион доллар.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА