Аргентиналық атақты футболшы Лионель Месси өзін кезекті сайлау кезінде президент орынтағына ұсынар болса, оны ел тұрғындарының 43,7 пайызы қолдар еді. Бұл туралы MSN хабарлады.
Бұдан бірер күн бұрын Giacobbe & Asociados ұйымы жүргізген әлеуметтік сауалнаманың қорытындысы осындай нәтиже көрсеткен.
Сонымен бірге француздың «Пари Сен-Жермен» клубының форвардын Аргентина президенті ретінде қабылдай алмайтын отандастарының саны 37,8 пайыз болған. Тағы 17,5 пайыздық қауым футболшының кандидатурасын қолдап қалулары мүмкін екендерін білдірген. Демек спортшыға бүйрегі бұрып тұратын дауыстарды қоссақ, оның алатын жалпы дауысы 61,2 пайыз болып шығады.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА