• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Рыбакина рекорд жасады

    Қазақстанның бірінші, әлемнің 25-ракеткасы Елена Рыбакина Австралия ашық чемпионатының алғашқы күні доп беруден үздік көрсеткіш көрсетті.

    Ол италиялық Элизабетта Коччареттомен матчта екінші сеттің соңында 195 км/сағат жылдамдықпен доп берді.

    Бұл — осы уақытқа дейін әйелдер арасында үздік көрсеткіш.

    Осы «Үлкен дулыға» додасының 22-ракеткасы болып тіркелген отандасымыз ертең екінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 104-орында тұрған словениялық Кайя Йуванмен кортқа шығады.


    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *