Бокстан 22 жасқа дейінгі жастар арасында Азия чемпионатында қазақстандық ер спортшылардың алғашқы қарсыласы анықталды.
Құрлықтық дода Таиландтың астанасы Бангкок қаласында болып жатыр.
Қазақ боксшылары алғашқы жекпе-жегін Қырғызстан, Таиланд, Малайзия, Өзбекстан, Тәжікстан, Камбоджа, Кувейт елінен келген былғары қолғап шеберлерімен өткізеді.
Қазақстан боксшыларының қарсыластары:
48 кг. Санжар Тәшкенбай — Анваржан Ходжиев (Қырғызстан)
51 кг. Даниял Сәбит — Саенгфет Танарат (Таиланд)
54 кг. Нұрсұлтан Алтынбек — Ахмед Шахаром Мухаммед Имдад (Малайзия)
57 кг. Махмуд Сабырхан — Мирзабек Мирзахалилов (Өзбекстан)
60 кг. Талғат Сырымбетов — Ян Мин (Қытай) / Абубакр Муродзода (Тәжікстан)
63,5 кг. Мухаммедсабыр Базарбайұлы — Роекпиджит Суфароек (Таиланд)
67 кг. Абзал Серік — Пенх Вантхунг (Камбоджа)
71 кг. Сабыржан Аққалықов — Сальман Аль-Шаммари (Кувейт)
75 кг. Диас Молжігітов — Даниэль Абдрахманов (Қырғызстан)
80 кг. Ерасыл Жакпеков — Бекбол Мурасбеков (Қырғызстан)
86 кг. Сағындық Тоғамбай — Шохжахон Абдуллаев (Өзбекстан)
92 кг. Ерхат Бекзат — Нусратбек Тохиров (Өзбекстан) / Асхан Резибек (Қытай)
92 килодан аса салмақ. Аманат Сабырғали — Асадбек Маннонов (Тәжікстан) / Джахонгир Зокиров (Өзбекстан).
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА