• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Новак Джокович жүлде қоры ең көп теннисші атанды

    Сербиялық теннисші Новак Джокович Австралия ашық чемпионатында жиырма екінші рет «Үлкен дулыға» сериясындағы турнирді жеңіп алды. Бұл атақ оған әлемдік рейтингтің жоғарғы сатысына қайта оралып, жүлде қоры бойынша рекордсмен атануға мүмкіндік берді.

    Мельбурн корттарында грекиялық Стефанос Циципасқа қарсы финалдық кездесуде жеңіске жеткені үшін Новак Джоковичке 2,975 миллион доллар көлемінде чек берілді. Теннистегі барлық табысын қосқанда, сербтің  жүлде қоры 166,8 миллион долларға жетті. Осы көрсеткіштермен Джокович әлемдегі ең бай теннисшілер тізімінде көш бастады. Одан кейін Рафаэль Надаль (134 529 миллион доллар) мен Роджер Федерер (130 594 миллион доллар) тұр.

    Сербиялық теннисші Australian Open турнирінде жеңімпаз атанған соң, ATP рейтингінің көшбасына қайта оралды.

    ATP ерлер арасындағы теннис рейтингінің жаңартылған нұсқасын жариялады. Онда Сербиялық теннисші Новак Джокович әлемнің бірінші ракеткасы атанды.

    30 қаңтарда жарияланған ATP рейтингі:

    1(5). Новак Джокович (Сербия) – 7070.

    2(1). Карлос Алькарас (Испания) – 6730.

    3 (4). Стефанос Циципас (Греция) – 6195.

    4 (3). Каспер Рууд (Норвегия) — 5765.

    5 (6). Андрей Рублев (Ресей) – 4200.

    6(2). Рафаэль Надаль (Испания) — 3815.

    7(7). Феликс Аугер-Альяссим (Канада) — 3715.

    8(9). Тейлор Фритц (АҚШ) – 3410.

    9 (10). Хольгер Руна (Дания) — 3046.

    10(11). Хуберт Хуркач (Польша) – 2995.

    Мельбурн қаласында өткен «Үлкен дулыға» санатындағы жылдың алғашқы ірі турнирінде Джокович грекиялық Стефанос Циципасты үш сағатқа созылған финалдық кездесуде 6:3, 7:6, 7:6 есебімен жеңіп, турнир жеңімпазы атанды. Сөйтіп, ол Australian Open чемпионатының 10 дүркін чемпионы атағын жеңіп алды.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *