• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Қазақстан балуандары Grand Slam турнирінде екі жүлдені жеңіп алды

    Францияның Париж қаласында дзюдодан өткен әлемдік Grand Slam турнирінде Қазақстан балуандары екі медальлі жеңіп алды.

    Әйелдер арасында 48 килоға дейінгі салмақ дәрежесінде Әбиба Әбужақынова қола медальға ие болды. Ол жұбаныш финалында Оңтүстік Корея спортшысы Ли Хе Кенгті жеңді.

    Ерлер арасында 73 килоға дейінгі салмақта күш сынасқан отандасымыз Данияр Шамшаев та үздік үштіктен көрінді. Ол қола жүлде үшін күресте тәжірибелі канадалық Артур Маргелдионды ұтты.

    Grand Slam турниріне әлемнің 82 елінен 520 татами шебері бақ сынады. IJF ережесіне сәйкес, турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлері әлемдік және Олимпиада рейтингтеріне ұпай алады. Атап айтқанда, 1-орынға 1000, 2-орынға — 700, ал 3-орынға 500 ұпайдан беріледі.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *