Азия теннис федерациясы (ATF) мен Tennis Europe 14 және 16 жасқа дейінгілер арасында жаңартылған рейтингіні жариялады.
Қазақстан теннис федерациясының хабарлауынша, Еуропа рейтингінде 14 жасқа дейінгілер арасында Ярослав Пшеничный 64-орынға шықты. Михаил Мищенко 114-ші, Роберт Каминский 139-сатыға орналасты.
Қыздар арасында Ева Корышева 59-орынға көтерілді. Томирис Нұржан — 173, Еркежан Жаңатаева 183-сатыда келеді.
Азия рейтингінде 16 жасқа дейінгілер арасында Кәрім Темірлан көш бастап келеді.
Қыздардан бес теннисші ТОП-10-ға кірді. Сафина Сафиулина — 2, Ариана Гогулина — 4, Даная Аманғажиева — 7, Полина Слепцова — 8 және Еркежан Жаңатаева 9-орында тұр.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА