Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) кеңесі Ресей шахмат федерациясына (РШФ) Азияға көшуге рұқсат берді.
РШФ сайтында жарияланған ақпаратта мұндай шешім 28 ақпанда өтетін Азия шахмат федерациясының (ACF) құрлықтық ассамблеясында қабылданады.
ACF ассамблеясындағы Ресей шахмат федерациясының делегациясын ұйымның президенті Андрей Филатов басқарады. Ассамблея Әбу-Дабиде 26 ақпан мен 3 наурыз аралығында өтеді.
Былтыр наурыз айында FIDE Ресей мен Беларусь спортшыларына жеке турнирлерде тек бейтарап ту астында өнер көрсетуге рұқсат берген еді.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА