Қазақстан бокс федерациясы Қамшыбек Қоңқабаевтың Болгарияның астанасы София қаласында Странджа кубогы үшін өтіп жатқан халықаралық турнирде өзбекстандық Баходиром Жалоловпен неліктен кездесуге шықпағанын түсіндірді.
Бокс федерациясының хабарлауынша, Қамшыбек Қоңқабаев шаршы алаңға қолындағы жарақатына байланысты шықпады.
Жаттықтырушылар штабының айтуынша, ауыр салмақтағы боксшымыздың жаттығу мен жарыс процесіне толық қатысуға уақыты тым аз болды. Алда Ташкентте өтетін әлем чемпионаты мен Ханчжоудағы Азия ойындары болады. Қамшыбек қалпына келіп, денсаулығын ойлауы керек, — делінген мәлімдемеде.
Қазір Странджа кубогы үшін турнирде үш боксшымыз ғана ширек финалға шықты. Олар — Оразбек Асылқұлов, Нұрқанат Райыс пен Бекзат Нұрдәулетов.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА