«Пари Сен-Жермен» клубының шабуылшысы Килиан Мбаппе Франция чемпионатының 25-турында «Марсельмен» кездесуде (3:0) дубль жасады.
Осылайша, ол 200-ші голын соқты. Мбаппе команданың үздік бомбардирлері арасында Эдинсон Каванимен бірінші орынды бөлісті.
Жеңіс «ПСЖ-ға» 60 ұпай жинауға және екінші орында тұрған «Марсельден» (52) 8 ұпай алға шығуға мүмкіндік берді.
4 наурызда «ПСЖ» «Нантқа» қарсы, ал келесі күні «Марсель» «Реннге» қарсы ойнайды.
Мбаппе 2022 жылдың ең қымбат футболшысы атанған еді. Сондай-ақ, ол былтырғы әлем чемпионатының үздік шабуылшысы болған.
Еркеғали БЕЙСЕНОВ,
АСТАНА