• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Chery көлігінің бренді  — «Астана» футбол клубының демеушісі (ФОТО)

    Бүгін  «Астана Арена» стадионында салтанатты жағдайда «Астана» футбол клубы мен Қазақстандағы Chery ресми дистрибьюторы – «Астана Моторс» құрамына кіретін First Motor Group компаниясының арасында серіктестік туралы келісімге қол қою рәсімі өтті.

    Chery концернінің жер-жүзіндегі бастамаларының бірі — спорт командалармен серіктестік орнату. Бұған дейін брендтің өңірлік өкілдіктері Бразиялияның «Сантос», Эквадордың «Индепендьенте дель Валье», Чилидің «Универсидад Католика» клубымен және Ресейдің «Спартак» клубымен келісімшарттарға қол қойған болатын.

    2022 жылы бренд Катарда футболдан өткен әлем чемпионатының автокөлік серіктесі болды.

    «Астана» футбол клубының бас директоры Арслан Беспаев өзінің құттықтау сөзінде жаңа серіктестіктен не күтетіні айтты.

    Біздің жігіттер – нағыз жауынгерлер, еш аянбай жұмыс істейді. Алайда жақсы нәтиже тек жеке адамның күш-жігерін ғана емес, қаржылық қолдауды қажет етеді. Беделді концернмен ынтымақтастық орнату командаға күш-жігер, күш-қуат беретініне сенемін, — деді ол.

    Қол қойылған келісімнің аясында тараптар бір-бірін ақпараттық және имидждік тұрғыда қолдау мақсатында «Астана» футбол клубының жарғылық қызметін 100 млн теңгеге қаржыландыру туралы келісті.

    First Motor Group директоры Нұрлан Шамгонов сөйлеген сөзінде: «Спортқа қолдау көрсету – брендтің әлеуметтік саясатының маңызды бөлігі. Спорт барлық елдерді біріктіріп, бәсекелестік рухын береді. Бұл Chery концернінің де, оның еншілес компаниясы — «Астана моторс» компаниясының да құндылықтарына сәйкес келеді», – деп атап өтті.

    First Motor Group компаниясының маркетинг жөніндегі директоры Айгүл Темешова да спорттық бастама жайында өз пікірін білдірді.

    Біз бұл ынтымақтастықтан үлкен мүмкіндіктерді көріп отырмыз. Келісім бізге автокөліктерді жақсы көретін адамдарға спортты дәріптеуімізге, ойыншыларды жұлдызға айналдыруға, сондай-ақ, клубтың үлкен аудиториясына, оның жанкүйерлеріне Chery көліктерінің артықшылықтары туралы айтып беруге көмектеседі, — деді ол.

    Chery брендінің Қазақстан нарығына ресми түрде 2021 жылы келгенін және қазірдің өзінде отандастарымыздың жүрегін жаулап қана қоймай, сондай-ақ елімізде ұсынылған Қытай елінің басқа брендтерінің ішінде нарықтың елеулі үлесін алып отырғанын айта кеткен жөн.

    Осылайша, ҚАБҚ (Қазақстанның автомобиль бизнесі қауымдастығы) ресми статистикасына сай 2022 жылы бренд 4,4 мыңнан астам автокөлік сатып, еліміздегі автокөлік нарығының «қытайлық» сегментінде 38 %-ды иеленді. Қазақстандағы ең танымал үздік 10 көлік брендінің ішінде алтыншы орынға көтерілді.

    Биыл компания елімізде ең көп сатылатын үздік 5 автокөліктің қатарына кіруді мақсат етіп отыр.  Қазақстандағы Chery дистрибуциясы бұл бағыттағы алғашқы қадамды 2022 жылы желтоқсан айында жасап, «ЕРЗИ» мүгедектер қауымдастығына жеті орындық Chery Tiggo 8 PRO кроссоверін сыйлаған болатын.

     

    «Астана Моторс» компаниясының баспасөз қызметі,

    ФОТО: «Астана Моторс» компаниясының баспасөз қызметі,

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *