• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Дәрмен Сәдуақасов Азия шахмат федерациясының вице-президенті болды

    Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы — Әбу-Даби қаласында өтіп жатқан Азия шахмат федерациясының (ACF) саммитінде белгілі гроссмейстер, Қазақстан шахмат ұйымы президентінің бірінші орынбасары Дәрмен Сәдуақасов  Азия шахмат федерациясының вице-президенті болып сайланды.

    Бүгінгі таңда ACF құрамына 54 елдің шахмат федерациясы кіреді. Оның ішінде Қазақстан шахмат федерациясы да бар.

    Сайлауда Азия шахмат федерациясының мүшелері кеңесе отырып, бірауыздан Дәрмен Сәдуақасов ACF вице-президенті етіп сайлады. Азия шахмат үйымының даңа сайланған вице-президентінің айтуынша, соңғы кезде еліміздің шахматшылар өте жақсы нәтиже көрсетуде. Қазақстанның балалар мен жасөспірімдер, қыздар құрамасы өте мықты. Қазақстанда ірі чемпионаттар өткізіле бастады.

    Осы сәтті пайдалана отырып, Freedom Finance Global пен Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турловқа әлемдік шахмат турнирлерін ұйымдастыру мүмкіндігі үшін алғыс айтамын. Бұл іс-шаралар елімізде балалар шахматының дамуына үлкен серпін беріп, зияткерлік ойынды өскелең ұрпақ арасында кеңінен насихаттауға жағдай жасайды, — деді Дәрмен Сәдуақасов.

    Саммитте федерацияның бірінші вице-президенті Дәрмен Сәдуақасов елімізде шахматты дамыту тұжырымдамасын таныстырып, алдағы жоспарларын айтты. Ол форум аясында Қытай, Үндістан, Орталық Азия елдері федерацияларының басшылығымен және шейх Сұлтан бин Халифа Әл Нахянмен кездесті.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *