Әлеуметтік желіде каратэден Көкшетауда 8-9 жас аралығындағы қыздар арасында өткен Ақмола облысы чемпионатының финалында апалы-сіңлілі қыздардың кездескен видеосы кең таралып, елді сүйсіндірді.
Жарысқа апалы-сіңлілі Саяна мен Мөлдір Әнуарбектер бір салмақта (25 кг дейінгі салмақ) қатысқан болатын. Екеуінің чемпионаттың финалында кездескеніне төрешілер мен жаттықтырушылардың кәнісі болған жоқ. Жарыстың финалында Саяна Мөлдір сіңлісіне жеңісті беретінін айтып, бауырының қолын көтеріп, төрешілерден жеңісті беруді сұраған. Мөлдір де тәтесін құшақтап, төрешілерден апасының қолын көтеруді өтінген. Алайда соңғы сөзді Саяна айтып, бауырын құшағына басып, жеңісті сіңлісіне беруді тілеген. Сөйтіп, Мөлдір Әуелбек облыс чемпионы атанған. Екінші орын Саяна Әуелбекке берілген.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА
View this post on Instagram
Ассалаумағалейкум!!! Рақмет қыздар туралы жыл сөздерге!!! Алайда жариялаған кезде неге дұрыстап оқымайсыздар? Басында Әнуарбектер , ал соңында Әуелбектер болып кетті ғой?! Неге? Мен қыздардың әкесімін тектерін дұрыстап жазыңыздар!!!