Ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасында Албанияда өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрама командасы сәтті өнер көрсетіп, 7 алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі хабарлады.
Ведомствоның хабарлауынша, чемпионатта мына спортшылар жүлдегер атанды:
Никита Абдрахманов:
— жұлқа көтеруде 1-орын (164 кг көтерді);
— серпе көтеруде 1-орын (205 кг көтерді);
— жалпы есеп бойынша 1-орын (369 кг).
Нұрдос Сабыр:
— жұлқа көтеруде 1-орын (145 кг көтерді);
— серпе көтеруде 2-орын (176 кг көтерді);
— жалпы есеп бойынша 2-орын (321 кг).
Таисия Алексеева:
— жұлқа көтеруде 2-орын (89 кг көтерді);
— серпе көтеруде 2-орын (112 кг көтерді);
— жалпы есеп бойынша 2-орын (201 кг).
Ерасыл Сәулебеков:
— жұлқа көтеруде 1-орын (137 кг көтерді);
— серпе көтеруде 1-орын (168 кг көтерді);
— жалпы есеп бойынша 1-орын (305 кг).
Дарья Балабанюк:
— жұлқа көтеруде 3-орын (78 кг көтерді);
— серпе көтеруде 6-орын (97 кг көтерді);
— жалпы есеп бойынша 4-орын (175 кг).
Нұрасыл Арапбай:
— жұлқа көтеруде 3-орын (120 кг көтерді);
— серпе көтеруде 5-орын (146 кг көтерді);
— жалпы есеп бойынша 4-орын (266 кг).
Осылайша, Қазақстан командасы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында 7 алтын, 5 күміс және 2 қола жүлде алып, жалпы медаль саны бойынша бірінші орынға шықты. Ал сайыс қорытындысы бойынша Қазақстан ұлдар құрамасы командалық есепте 3-орын иеленсе, қыздар 5-орынды қанағат тұтты.
Ауыр атлетикадан əлем чемпионатында жүлде əр бағдарлама бойынша беріледі. Атап айтқанда, спортшыға жұлқа, серпе көтеру және жалпы есеп бойынша 3 медаль ұсынылады.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА