Жеңіл атлетика федерациясы жеңілатлет, әлем чемпионы Нора Джерутоны допингке қарсы ережені бұзды деген айыпқа қатысты түсінік берді.
Athletics Integrity Unit (AIU), World Athletics еншілес ұйымы, спортшы Нора Джерутоны қан сынамалардың айғақтары негізінде допингке қарсы ережені бұзды деп айыптады. Допинг сынамасын зерттеу кезінде спортшының ағзасында тыйым салынған заттар табылмады, алайда гематологиялық профилінде өзгеріс тіркелді. AIU сарапшыларының пікірі бойынша, бұл өзгерістер тыйым салынған заттар немесе әдістерді қолдану мүмкіндігіне көрсетеді, — делінген Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының хабарламасында.
Федерацияның мәліметіне қарағанда, Нора Джеруто AIU комиссиясына халықаралық дәрігерлердің растап берген қорытындысы мен медициналық құжаттардың толық пакетін берген.
Бұл тұжырымдар допинг немесе ЭПО инъекцияларын қолдану емес, өткен аурулардың салдарынан болған спортшының биологиялық паспортындағы өзгерістерді толық түсіндіреді. AIU комиссиясы мәселе толық анықталғанша және түпкілікті шешім қабылданғанша спортшы Нора Джерутоны кез келген жарыстарға немесе іс-шараларға қатысудан уақытша шеттетеді, — делінген одан әрі хабарламада.
Жеңіл атлетика федерациясы Нора Джерутоның аяғы ауыр болғанына байланысты биылғы күзге дейін жарыстарға қатысуды жоспарламағанын хабарлады.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА