• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Жансая Әбдімәлік тұрмыс құрды

    Қазақстанның үздік шахматшысы Жансая Әбдімәлік тұрмысқа шықты.

    Instagram-да жарияланған фотосуретте шахматшы гүл шоғын ұстап, ақ көйлек киіп, жұбайымен құшақтасып тұр.

    Мәңгілікке сендікпін, сен мендіксің, — деп жазды шахматшы.

    Әбдімәлік бала кезінен шахматпен айналысқан. Ол 14 жасында Қазақстанның ең жас гроссмейстері атанды. Қазір оның қоржынында республикалық және ірі халықаралық жарыстардың жүлделері бар.

    2019 жылы Жансая Әбдімәлік 20 жасқа дейінгі әлемдегі ең үздік шахматшы атанды. Ол классикалық, рапид (жедел шахмат) және блиц бойынша ЭЛО рейтингінде көш бастап тұрды.

    2021 жылы Жансая Әбдімәлік Алматы мәслихатындағы ең жас депутаты болды.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *