Бүгін, 3 мамыр күні Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Бесшоқы ауылындағы спорт кешенінде дзюдодан 2012-2013 жылы туған жасөспірімдер арасында BASQUDYQ-JUDO OPEN CUP І республикалық турнирі өз мәресіне жетті.
Алғаш рет ұйымдастырылған сайысқа Шымкент қаласы мен Маңғыстау, Атырау облыстары атынан және өздерінің ынта білдіруімен жалпы жиырма төрт команда қатысып, 300-ден астам татами шеберлері бақ сынады.
Екінші жарыс күні мына мықтылар жеңімпаз және жүлдегер атанды:
34 кг:
- Алпамыс Дамир (Атырау облысы);
- Меке Сағадат (Маңғыстау облысы, Маңғыстау);
- Абдынахул Аслан (Маңғыстау облысы, Мұнайлы);
- Файзулла Айбар (Шымкент).
38 кг:
- Сарықұл Бекарыс (Маңғыстау облысы, Жаңаөзен);
- Амандык Ибрахим (Маңғыстау облысы, Мұнайлы);
- Темірхан Элдар (Маңғыстау облысы, Түпқараған);
- Айтмухан Омар (Маңғыстау облысы, Бейнеу).
42 кг:
- Асқар Айбек (Шымкент);
- Жайлыбай Диас (Маңғыстау облысы, Жаңаөзен);
- Баспай Мейірбек (Маңғыстау облысы, Жаңаөзен);
- Бейсен Нұрадин (Маңғыстау облысы, Мұнайлы).
46 кг:
- Қарабайлы Нұрбек (Маңғыстау облысы, Бейнеу);
- Манарбек Қайрат (Атырау облысы, Мақат);
- Ерсайн Ербол (Атырау облысы, Алмалы);
- Бауыржан Абылай (Атырау облысы).
50 кг:
- Жұмабай Р. (Маңғыстау облысы, Жаңаөзен);
- Қалпыш Н. (Маңғыстау облысы, Мұнайлы);
- Айжарық А. (Маңғыстау облысы, Мұнайлы);
- Әбилхасан М. (Атырау облысы, Мақат).
+ 50 кг жоғары:
- Оразымбай Сүндет (Маңғыстау облысы, Жаңаөзен);
- Әуесбаев Н. (Маңғыстау облысы, Мұнайлы);
- Камза Ерсайын (Маңғыстау облысы, Түпқараған);
- Нурберген Димаш (Маңғыстау облысы, Жаңаөзен).
Кеше жарыстың бірінші күні 21, 24, 27 және 30 кг салмақ дәрежелері бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталған болатын.
Айбек МҰХАНОВ,
Маңғыстау облысы,
Мұнайлы ауданы