• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Веломарафоншы 1250 шақырым жүріп, Түркістанға жетті

    Жетісу облысы, Қарабұлақ ауылының 63 жастағы тұрғыны Бақытжан Бектенов велосипедпен 1 250 шақырым жол жүріп, Түркістан қаласына 6 күнде жетті. Ол бұрыннан бері веломарафондарға қатысып келеді.

    Велошабандозды Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қанат Жолдықараев қарсы алып, құрмет көрсетті. Ал Бақытжан Бектенов жиналған көпшіліктің алдында сапарының мәні мен маңызын,  Түркістанның мәдениеті және туризмімен жіті танысқым келетінін айтты.

    Мені қарсы алып, құрмет көрсетіп жатқан жандарға мың алғыс. Түркістан облысында бұқаралық спорт жаңа сипатқа еніп, еліміздің болашағы жастарды спортпен көптеп шұғылдануға шақырамын, – деді ол.

    Осыдан кейін веломарафоншы Түркістан мен Кентау қалаларының велоспорт өкілдерімен, жас спортшылармен кездесті. Жасөспірімдерге ақыл-кеңесін айтып, велоспортты дамытудың маңыздылығын жеткізді.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *