• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Месси де жаңа клубты таңдап қойды

    Аргентина ұлттық құрамасы мен «Пари Сен-Жермен» клубының шабуылшысы Лионель Месси жаңа команданы таңдады. Ол енді келесі маусымнан бастап Америка Құрама Штаттарының MLS лигасында ойнайтын болады.

    Месси «Интер Майами» клубын таңдады. Оның бұрынғы клубқа оралатын ойы жоқ сияқты. Ол АҚШ лигасына таңдауын жасады, — деді TNT Sports-тың журналисі Эрнан Кастильо.

    Қазір MLS лигасында «Интер Майами» турнир кестесінде соңғы орында келеді. Бұл лигада барлығы 15 команда ойнайды.

    Аргентина құрамасының шабуылшысы «Пари Сен-Жермен» клубының сапында соңғы рет 3 маусымда алаңға шықты. Сол күні ол «Клермон» командасына қарсы ойнады. Одан кейін оның қай елдің клубында ойнайтыны белгісіз болған. Кейбір деректе ол Сауд Арабиясының «Әл-Хилал» командасында ойнауы мүмкін делінді. Араб елінің жасағы оған 1 млрд 200 млн еуро төлегесі де келген. Егер Месси «Әл-Хилал» командасына ауысқан жағдайда бұл футбол тарихында бұрын-соңды болмаған рекордттық келісімшарт болатын еді. Алайда, аргентиналық арабтарға келісмін бермей, АҚШ елін таңдапты. Енді міне, барлық мәселе шешілді.

    Месси 2021 жылдан бастап париждік клуб намысын қорғады. Өткен маусымда аргентиналық шабуылшы 58 матчқа қатысып, 22 гол салып, 30 нәтижелі паспен көзге түсті.

    Ол ПСЖ-ның құрамында екі рет Францияның чемпионы болып, бір рет осы елдің суперкубогының иегері атанды. Одан бөлек былтыр ол ұлттық құраманың сапында әлем чемпионы атағын жеңіп алды.

    Месси «Алтын доп» сыйлығын жеті рет, «Алтын бутсы» премиясын алты рет алған тарихтағы жалғыз футболшы.

    Осы аптада тағы екі әлемдік деңгейдегі атақты футболшы басқа клубтарға ауысты. Олар АҚШ-ты емес, Сауд Арабиясын таңдады. Екеуі де Мадридтің «Реал» командасында ойнаған. Оның бірі – тегі араб, франциялық Карим Бензема «Әл-Иттихад» клубымен екі жылға 200 млн еуроға келісімшарт жасаса, екіншісі – хорватиялық Лукас Модрич «Әл-Наср» жасағын таңдады. Ол енді португалиялық Криштиану Роналдумен бір клубтың жейдесінде алаңға шығатын болады. Роналду «Әл-Насрмен» екі жылға келісімшартқа отырған. Ол жылына командадан 200 млн еуро алады.

    Ата аталған футболшылардың бәрі «Алтын доп» сыйлығын алған.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *