• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Теннис: Әмір Омарханов — ITF Juniors J60 турнирінің жеңімпазы!

    Теннисші Әмір Омарханов Грузияның астанасы – Тбилиси қаласында 18 жасқа дейінгілер арасында өткен ITF Juniors J60 турнирінің абсолютті жеңімпазы атанды.

    Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясы хабарлады.

    15 жастағы теннисші — Қарағанды теннис мектебінің түлегі. Қазір ол Чехияда жаттығып жүр. Грузиядағы турнирде ол жекелей және жұптық сында үздік атанды.

    Әмір жекелей сында әзербайжандық Канан Гасимовты 6:1, 6:3 есебімен ұтты. Ол финалға дейін де қарсыластарына бірде-бір сетті берген жоқ. Ал жұптық бәсекеде болгариялық Иван Найденовпен бірге отандастары Ілияс Маратұлы мен Виталий Зацепинді 6:3, 6:4 есебімен жеңді.

    Осылайша, Әмір Омарханов ITF Juniors додасында бесінші титулы жеңіп алды. Оның екеуі – жекелей сында.

    Тбилисидегі жеңісінен кейін  ол жасөспірімдердің әлемдік рейтингінде 298-орынға көтерілді.

    ФОТО: Қазақстан теннис федерациясы

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *