• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Головкин барлық атағынан айырылды

     Боксшы Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) ресми түрде IBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағынан бас тартты. Бұл оның осы кезге дейін болған соңғы атағы еді.

    IBO президенті Эд Левин Головкиннің әлем чемпионы атағынан бас тартқаннан кейін орта салмақтағы атақ үшін басқа боксшылардың қолғап түйістірулеріне рұқсат берілетінін айтты. Бұған дейін Головкин WBA Super және IBF чемпиондық белбеулерінен бас тартқан болатын. Енді оның әлем чемпионы деген атағы қалмады.

    Головкин соңғы рет былтыр күзде шаршы алаңға шыққан еді. Сол кезде ол Сауль «Канело» Альвареспен (59-2-2, 39 КО) қолғап түйістіріп, төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңілген болатын.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *