• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Петропавлдағы стадионнан адамның сүйектері табылды

    Петропавл қаласындағы «Қарасай» стадионын қайта құру кезінде адам сүйегінің қалдықтары табылды.

    Polisia.kz-тің хабарлауынша, 14 маусымда сағат 09.59 шамасында Петропавл полиция басқармасының 102 жедел арнасына «Қарасай» стадионын қайта құру кезінде адам сүйектерінің қалдығы табылғаны туралы хабар келіп түскен.

    Сүйек қалдықтары 100 жыл бұрын сол аумақта болған зиратқа тиесілі екені анықталды.

    Бұл дерек Петропавл полиция басқармасында тіркелді.

    Бұған дейін Алматы облысында репрессия жылдары атылған адамдардың сүйегі табылған еді.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *