• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Қытайда XIX Азия ойындарының алауы тұтанды

    Бүгін Қытайдың Чжэцзян провинциясындағы Лянчжу қаласында XIX Азия ойындарының алауы жағылды.

    ҚазАқпараттың ҚХР-дағы меншікті тілшісінің хабарлауынша, алау ресми түрде 2022 жылғы XIX Азия ойындарының ашылуына 100 күн қалғанында тұтанды.

    Биылғы Ойындар Ханчжоу қаласында 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында болады. Бұл жарыс былтыр 10-25 қыркүйегі аралығында болуы керек еді. Алайда ол коронавирус инфекциясының өршуіне байланысты кейінге шегерілді.

    Қытайда Азия ойындары осымен үшінші рет өткізіледі. Алғашқы жарыс 1990 жылы Бейжіңде, одан кейін 2010 жылы Гуанчжоуда болған еді.

    Биылғы додада 40 спорт түрінен жарыстар, 61 дисциплина және 483 іс-шара өтеді. Киберспорт пен брейк-денс жарыстары Азия ойындарында алғаш рет болады. Оған Қазақстаннан 12 мың спортшы қатысады.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *