• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Рыбакина көгалдағы төсеніште жаттығып жатыр

    Қазақстанның бірінші, әлемнің үшінші ракеткасы Елена Рыбакина көгалдағы төсеніш маусымына дайындықты бастады.

    Ол Словакияда көгал төсенішіндегі жаттығуын өткізді. Қазақстандық теннисшінің жаттығуынан түсірілген видео Instagram-дағы Tenisová škola Jednotka аккаунтында жарияланды.

    Рыбакина 19-25 маусым аралығында Берлинде (Германия) өтетін турнирге қатысады.

    Бұған дейін ол «Ролан Гаррос» турнирінің үшінші айналымында сырқаттанып, жарысты жалғастыра алмаған еді.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *