• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Еркін күрес: Қазақстан құрамасы турнирде 9 медаль алды

     Грек-рим күресінен Қазақстан ұлттық құрамасының балуандары Испанияның Мадрид қаласында еркін күрестен өткен халықаралық Гран-при турнирінде 9 жүлдені жеңіп алды.

    Ұлттық құраманың балуандары 4 алтын, 2 күміс, 3 қола медаль алып, жалпы командалық есепте екінші орынды иеленді. Атап айтқанда, Бекарыс Мейрамбек (55 кг), Бақытжан Қабыл (60 кг), Аманбек Алматбек (67 кг), Дамир Тұрсынов (82 кг) турнирдің жеңімпазы атанса, 55 келіде күрескен Қуат Армия мен Ілияс Дауытов (63 кг) күміс жүлдеге ие болды.

    Сонымен бірге осы турнирде Олжас Сұлтан (60 кг), Қанат Ақытбек (63 кг), Темірлан Мамытбектің (72 кг) жолы болып, олар қола медальге ие болды.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *