• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Күрес: Қазақстан турнирді 2 алтын, 2 күміс, 6 қола жүлдемен аяқтады

    Венгрияның Будапешт қаласында өтіп жатқан  күрес түрлерінен осы жылдың соңғы төртінші рейтингтік турнирінде әйелдер күресінен 72 кг салмақта күрескен Жамила Бақбергенова жеңімпаз атанды.

    Оның салмағында балуандар аз болғандықтан күрес айналмалы жүйе бойынша болды. Алдымен Бақбергенова Италия балуанын жеңсе, екінші белдесуінде Канада қызынан 9:4 есебімен басым түсті. Үшінші белдесуінде моңғол қызы Энхамарды 4:2есебімен ұтып, финалға шықты Финалда алғашқы белдесуінде жеңген Италия балуаны Далма Ганеваны 3:1есебімен тізе бүктірді.

    Одан кейін осы турнирде 55 келідегі грек-рим күресінен Аманғали Бекболатов финалда румын Денис Михайды ұтып, ел қоржынына алтын жүлде салды.

    63 келідегі Мұхамедали Мамырбек қола жүлдені иеленді. Ал жарыстың соңғы күні грек-рим күресі балуандары қалған 67, 72, 77, 82, 87, 97 және 130 келіде рейтингтік турнир жүлдесін өзара сарапқа салып, өкінішке қарай ешқайсысы жүлде алмады.

    Ұлттық құрама сапынан қола жүлде үшін белдесуге мүмкіндік алған жалғыз балуанымыз Данияр Қаленов (72 келі) түрік Селчук Каннан 1:5 есебімен ұтылып, қолда тұрған қола жүлдеден айырылып қалды. 67 келідегі Дін-Мұхамед Қошқар мен 87 келідегі Нұрсұлтан Тұрсыновтар жұбаныш белдесулерінде румын және әзербайжан балуандарына есе жіберді.

    Осылайша грек-рим күресі балуандары бұл жолғы рейтингтік турнирді 1 алтын, 1 қола жүлдемен аяқтаса, қыздарымыз 1 алтынмен қорытындылады. Еркін күрес балуандарының еншісінде 2 күміс, 5 қола жүлде бар.

     

    Аспандияр ЕСЕНЖОЛОВ,

    ФОТО: Күрес түрлері федерациясы

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *