• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Қазақстан спортшыларының Универсиададағы жарыс кестесі шықты

    Қытайдың Чэнду қаласында өтетін Дүниежүзілік студенттік ойындарына қатысатын Қазақстан спортшыларының жарыс кестесі шықты.

    Университет спортшыларының халықаралық федерациясының (FISU) XXXI Дүниежүзілік студенттік ойындары Қытайдың оңтүстік-батысындағы Сычуань провинциясының Чэнду қаласында 28 шілде мен 8 тамыз аралығында өтеді.

    Оған Қазақстан атынан спорттың 11 түрінен 93 спортшы қатысады. Спортшылар садақ ату, оқ ату, жеңіл атлетика, спорттық гимнастика, дзюдо, көркем гимнастика, үстел теннисі, таеквондо, у-шу, жүзу мен семсерлесуден күш сынасады. Ел құрамасы 26 жоғары оқу орнының студенттерінен жасақталған.

    28 шілдеде Универсиаданың ашылу салтанаты өтеді. Ал 27 шілдеде студенттер садақ атудан жарыс жолына шығады.

    Универсиадада спорттың 18 түрінен 269 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Оған әлемнің түкпір-түкпірінен он мыңнан астам спортшы қатысады.

    Универсиада жарыстары «Армандар Чэндуде шындыққа айналады» ұранымен өтеді. Универсиаданың бойтұмары 2019 жылғы 30 желтоқсанда таныстырылған «Ronq Bao» пандасы болды.

    27 шілдеде Чэнду қаласының уақыты бойынша сағат 20.00-де спорт қалашығында мемлекеттік туды көтеру рәсімі өтеді.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *