• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Author Archives: admin

    Дулат Бекбауов — бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері! (ВИДЕО)

    Өзбекстанның астанасы — Ташкент қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында 67 кг салмақтағы былғары қолғап шеберіміз Дулат Бекбауов күміс жүлдеге ие болды. Қазақ боксшысы өз салмағында Өзбекстанның спортшысы Асадхуджа Муйдинхуджиевпен күш сынасты. Осыған дейін қарсыластар өзара бір рет кездесіп, онда Дулат жеңген болатын. Бұл жолы алғашқы раундта қапталдағы төрешілердің шешімімен өзбекстандық боксшының соққылары дәлірек тиді – 5:0. Екінші раундта бес төрешінің ...

    Read More »

    Дүниежүзілік халықаралық аударыспақ федерациясы құрылды

    Алматыда Қазақстанның Аудыраспақ Федерациясы өкілдері мен Моңғолиядан келген делегациямен кездесуі өтті, деп хабарлады Halyq Uni. Кездесудің негізгі мақсаты Моңғолияда «Аударыспақ» спортын дамыту, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ат спорты түрлері қауымдастығы мен Аударыспақ Федерациясының қолдауымен IV Азия чемпионатын өткізу және федерациялар арасындағы жұмыс жоспарын талқылау болды. Кездесу аясында екі федерация ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Бұл қадам Қазақстан мен Моңғолия арасындағы ұлттық ат ...

    Read More »

    Шымкентте бәйгеден Қазақстан чемпионатының екінші кезеңі өтті

    Бүгін Шымкент қаласындағы ипподром алаңында бәйгеден Қазақстан чемпионатының екінші кезеңі өтті, деп хабарлады Halyq Uni. Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы баспасөз қызметінің мәліметінше, жарыстың салтанатты ашылу рәсіміне Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов, ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының вице-президенті Тастанбек Есентаев, ҚР «Бәйге» федерациясының президенті Қанат Көпбаев арнайы қатысқан. Бәйге — халқымыздың қанына сіңген спорт түрі. Бұл қазақ халқының ұлттық мәдениетінің өзіне тән ерекшелігі. ...

    Read More »

    Санжар Тәшкенбай – бокстан әлем чемпионы! (ВИДЕО)

    Өзбекстанның астанасы — Ташкент қаласында бокстан ерлер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында 48 кг салмақ дәрежесіндегі Санжар Тәшкенбай алтын жүлдені жеңіп алды. Қазақ боксшы алтын жүлде үшін айқаста өз салмағында грузиялық Сахил Алахвердобимен қолғап түйістірді. Бірінші раундта төрешілер басымдылықты Санжар Тәшкенбайға берді. Екінші кезеңде Санжар сол басымдылығын сақтап қалды. Қорытынды есеп – 5:0. Осылайша, Санжар Тәшкенбай 19 жасында тұңғыш рет ...

    Read More »

    Жәнібекке қарсыласы көз арбасуда бетіне қарай алмады (ВИДЕО)

    Ертең, 14 мамырда АҚШ-тың Стоктон қаласындағы бокс кешінде Жәнібек Әлімханұлы басты кездесуге шығады. Қазақ боксшысы WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы. Ал оның қарсыласы -канадалық Стивен Батлер. Ол орта салмақтағы алғашқы белбеуіне таласады. Боксшылар қазірдің өзінде ресми салмақ өлшеу рәсімінен өтіп, көз арбасты. Айта кетейік, Әлімханұлының салмағы 72,2 келі. Бұл оның кәсіпқой бокстағы ең жеңіл салмағы. Ал Батлер 72,4 ...

    Read More »

    Сегіз қырлы, бір сырлы жан

    «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға», — деген екен хакім Абай. Қай бір саланы алып қарасақ та ұстаздың орны ерек. Ұстазсыз биік бір мақсатқа жету мүмкін емес. Ұстаз шәкіртінің арманына арман, қиялына қанат бітіріп мақсатына жету жолында жанын аямайтын аяулы жан. Ұстаздық мінез — құлық нормасы мынадай болуға тиіс ол тым қатал да болмауға тиіс,тым ырыққа да жығыла бермеу керекү Өйткені, ...

    Read More »

     Бокстан әлем чемпионаты: Нұрбек Оралбай финалға жолдама алды (ВИДЕО)

    Өзбекстанның астанасы — Ташкентте бокстан ерлер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Нұрбек Оралбай финалға шықты. Нұрбек Оралбай 80 келіге дейінгі салмақта Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, ресейлік Имам Хатаевпен бокстасты. Екі раундта басымдық түгелдей Нұрбекте болды. Қорытынды есеп — 4:1. Енді ол 80 келіге дейінгі салмақта Қытай атынан жарысқа қатысып жатқан қандасымыз Тоқтарбек Таңатханмен алтын жүлдені сарапқа салады.   Дастан КЕНЖАЛИН, ...

    Read More »

    Ауыр атлетика: Қазақстан Азия чемпионатында тағы екі жүлде алды

    Оңтүстік Кореяның Чинджу қаласында ауыр атлетикадан ересектер арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан ұлттық құрама сының қоржынына тағы екі жүлде түсті. Ерлер арасындағы 109 келіге дейінгі салмақта Артем Антропов күміс жүлдегер атанса (399 кг), тағы бір отандасымыз Аңдас Самарқанов (390 кг) үшінші орынға ие болды. Бұл салмақта алтын медальді Рио Олимпиадасының чемпионы өзбекстандық Руслан Нурудинов жеңіп алды. Артем Антропов алғашқы ...

    Read More »

    Бокстан әлем чемпионаты: Асыланбек Шымбергенов финалға шықты (ВИДЕО)

    Ташкентте ерлер арасында бокстан өтіп жатқан әлем чемпионатында ұлттық құрама капитаны Асыланбек Шымбергенов финалға шықты. Азия чемпионы Асланбек Шымбергенов 71 келіге дейінгі салмақта үндістандық Дев Нишантпен қолғап түйістірді. Бірінші раундта бес төрешінің үшеуі қазақстандық боксшыға басымдықты берді. Екінші раундта, олан кейін үшінші раундта да ол басымдық танытты. Жекпе-жектің соңында Шымбергенов ұпай санымен жеңіске жетті. Бүгін Нұрбек Оралбай финалға шығу үшін ...

    Read More »

    Бокстан әлем чемпионаты: Дулат Бекбауовтың финалдағы қарсыласы анықталды

    Өзбекстанда бокстан ересектер арасында  өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасынан 67 кг салмақтағы Дулат Бекбауовтың финалдағы қарсыласы белгілі болды. Онымен  финалда Моңғолияның өкілі Баттомориин Мишилтті жеңген Өзбекстанның боксшысы Асадхужа Муйдинхуджаев қолғап түйістіреді. Бұған дейін хабарланғандай, Дулат Бекбауов жартылай финалда грузиялық Лаша Гурулимен кездесіп, оны айқын басымдықпен ұтты. Еске сала кетейік, Өзбекстанда өтіп жатқан әлем чемпионатына Қазақстан құрамасының сапында Санжар Тәшкенбай ...

    Read More »