• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Author Archives: admin

    Бибісара Асаубаева Гран-при турнирін жеңіспен бастады

    Шахматтан әлемнің екі дүркін чемпионы Бибісара Асаубаева Үндістанның астанасы – Дели қаласында өтіп жатқан Гран-при турнирінде алғашқы жеңісіне жетті. Ол бірінші турда алаң иесі Рамешбабу Вайшалиді ұтып, қалтасына бір ұпай салды. Бұл турнир лайықты деңгейде ұйымдастырылмағандықтан бір күнге кешігіп басталған болатын. Соның кесірінен Жансая Әбдімәлік пен Германияның өкілі Элизабет Петц жарысқа қатысудан бас тартты. Қазір турнирге қатысатын 12 шахматшының орнына ...

    Read More »

    Футболдан Қазақстан құрамасы сыйақы алады (ВИДЕО)

    Футболдан Қазақстанның ұлттық құрама 2024 жылы өтетін Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінің екінші матчында Дания командасын жеңгені үшін қаржылай сыйақы алады. Бұл туралы ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Магомед Адиев «Хабар 24» арнасына берген сұхбатында айтты. Қаржылай сыйақы туралы айтсам, бізге белгіленген сыйақы мөлшері бар. Дегенмен футболшылар үшін жеңістің өзі – ақшадан қымбат. Себебі, біздің команда үшін алдымен халықаралық сарапшылардың, әсіресе, жанкүйерлеріміздің ...

    Read More »

    Рыбакина Майами мастерс турнирінің ширек финалына шықты

    Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-та өтіп жатқан Майами WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты. Рыбакина төртінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 39-орында тұрған бельгиялық Элиза Мертенспен кездесіп, 1 сағат 46 минутқа созылған ойында 6:4, 6:3 есебімен ұтты. Бұл – теннисшінің қатарынан он бірінші жеңісі. Енді Рыбакина жартылай финалға шығу үшін әлемнің 24-ракеткасы, италиялық Мартина Тревизанмен кездеседі. Мастерс турнирінің жүлде қоры — ...

    Read More »

    Қуат Хамитов футболдан Қазақстан жеңісіне қатысты ойын айтты

    Аралас жекпе-жектің файтері Қуат Хамитов футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу матчында Қазақстан ұлттық құрамасының Дания командасын 3:2 есебімен жеңгеніне қатысты ойын айтты. Қазақстан футболының бірде-бір жеңісіне қуанбаймын. Несіне қуанасың, айналаға қараңызшы, халық деген 30 жыл бойы күнін әзер көруде, жұмыс жоқ, орташа табыс 80 мың ғана, азық-түлік қымбат, медицина жоқ, адамдар қарызға кіріп жүр. Соған қарамастан халықтың аузынан жырып, ...

    Read More »

    Бокшылар әлем чемпионатынан оралды (ФОТО)

    Бүгін бокстан Қазақстанның әйелдер құрама командасы Үндістанның Дели қаласында өткен әлем чемпионатынан оралды. Алматы әуежайынан спортшылар мен Шәміл Сафиуллин бастаған жаттықтырушылар қосынын жанкүйерлер, боксшылардың туған-туыстары мен достары, қаладағы спорт мектептерінің шәкірттері мен БАҚ өкілдері қарсы алды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы хабарлады. Биылғы бокс бәсекесінде әйелдер құрамасы 2 күміс пен 4 қола жүлде алып, жалпыкомандалық есепте ...

    Read More »

    Өмір қимыл-қозғалыс және әрекеттен тұрады

    Өмір өзі қимыл, қозғалыс, әрекеттен тұрады емес пе?! Егер осы бір адамға берілер үш қасиет тоқтаса өмір де тоқтайды. Бескүндік бұл жалғанда адам өмірге қонақ. Сондықтан да қамшының сабындай қысқа ғұмырымызды мәнді, мағыналы етіп өткізгенге не жетсін. Денсаулықтың қадірін біз тек бір жеріміз сырқырап ауырғанда ғана білеміз. Ибн Сина: «Ауырып тұрып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде», — деген екен. Ендеше ...

    Read More »

    Рыбакина өзінің сыйақысын жас теннисшілерге берді

    Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина еліміздің болашағынан үміт күттіретін теннисшілеріне қаржылай қолдау көрсетті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі. 2022 жылғы Уимблдон турниріндегі жеңісінен кейін Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы сыйақы қаржысының бір бөлігін қайырымдылыққа және Қазақстандағы жастарды қолдауға жұмсайтынына уәде берген еді. Таяуда Елена Астанада бұралқы жануарларды құтқарумен айналысатын «СтопОтлов» еріктілер қозғалысына қаржы аударды. Ал жуырда Қазақстанның бірінші ракеткасы жас қазақстандық теннисшілердің болашақта өзі ...

    Read More »

    Қазақстан боксшылары IBA-дан 200 мың доллар сыйақы алады

    Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы Үндістанның астанасы — Делиде өткен әлем чемпионатын аяқтады. Осы жарыста әйелдер құрамасы 2 күміс пен 4 қола жүлде алды. Осылайша, бас бапкер Шәміл Сафиуллин шәкірттері шет елдегі жарыстарда медаль саны жағынан үздік нәтиже көрсетіп, соңғы 7 жылда болмаған жетістікке жетті. Сондай-ақ жүлде саны жағынан жалпы есепте Қытайдан кейін екінші орынға ие болды. Қазақстан құрамасы сапында Делиде ...

    Read More »

    Президент Шавкат Рахмоновпен кездесті

    Мемлекет басшысы аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновпен кездесті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі. Президент даңқты спортшыны таяуда Лас-Вегас қаласында өткен UFC турнирінде жеңіске жетуімен құттықтады. Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Рахмонов секілді мықты атлеттердің жеңіске деген ерік-жігері мен жетістігі өскелең ұрпақты жігерлендіретінін, саламатты өмір салтын ұстануға ынталандыратынын айтты. Сонымен қатар президент спортшының алдағы уақытта биік белестерді бағындыра беруіне тілектестік білдірді. Өз кезегінде Шавкат Рахмонов ...

    Read More »

    Шымбұлақ тау курорты Гиннестің рекордтар кітабына енді

    Шымбұлақ тау курорты әлемдегі ең биік жарықтандырылған түнгі шаңғы трассасы ретінде ресми түрде Гиннес рекордын жаңартты. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. Гиннес рекордтар кеңсесінің судьясы Шейда Субаши-Гемиджи тау шаңғысы курортының бас директоры Ринат Әбдірахмановқа әлемдік рекордты растайтын сертификатты теңіз деңгейінен 3 200 метр биіктіктегі Талғар асуы станциясында табыс етті. Шымбұлақ таулы курортының ресми түрде әлемдегі ең биік түнгі шаңғы трассасы ретінде ...

    Read More »