• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Author Archives: admin

    Рыбакина Майами турнирінің үшінші айналымына шықты

    Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-тың Майами штатында өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің үшінші айналымына шықты. Бұл турнирге Елена Рыбакина 10-ракетка болып тіркеліп, екінші айналымнан бастап қатыса бастады.  Ол алғашқы кездесуінде дүниежүзілік рейтингте 64-орында тұрған ресейлік Анна Калинскаямен күш сынасып, оны 7:5, 4:6, 6:3 есебімен ұтты. Енді Рыбакина үшінші айналымда әлемнің 29-ракеткасы, испаниялық Паула Бадосамен кездеседі.   Дастан КЕНЖАЛИН, ...

    Read More »

    Қазақcтанның екі боксшы әлем чемпионатының финалына шықты

    Үндістанның астанасы – Дели қаласында өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының жартылай финалында Қазақстан құрамасының екі боксшысы финалға жолдама алды. 1/2 финалда Қазақстанның 6 боксшысы шаршы алаңға шықты. Олардың екеуі ғана жеңіске жетіп, алтын медальға таласуға мүмкіндік алды. Әуелі 48 килоға дейінгі салмақтағы Алуа Балқыбекова үндістандық Ниту Гангастан ұпай санымен жеңіліп қалды. Одан кейін рингке 57 килоға дейінгі салмақтағы Карина ...

    Read More »

    Роналду жаңа рекорд жасады

    Португалия құрама командасының шабуылшысы Криштиану Роналду ұлттық құраманың ресми матчтарында 100 гол соққан алғашқы ойыншы атанды. Ол келесі жылы өтетін Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде Португалия мен Лихтенштейн командаларының ойынында екі гол салып, дубльдің авторы атанды. Бұл кездесу 4:0 есебімен Португалияның пайдасына шешілді. Ал 38 жастағы шабуылшы айып соққысынан екінші голын салып, рекордты жаңартты. Жалпы, Роналду ұлттық құрама сапында жалпы 120 голдың авторы ...

    Read More »

    Қазақстан жасөспірімдері іріктеу кезеңінің жартылай финалына шықты

    Малайзияның Кучинг қаласында 14 жасқа дейінгі теннисшілер арасында өтіп жатқан командалық әлем чемпионаты Азия – Тынық мұхит аймағы бойынша іріктеу кезеңінің жартылай финалистері анықталды. Мәдина Рахымның шәкірттері ширек финалда іріктеу турнирінің екінші ракеткасы — Үндістан командасын ұтты. Алдымен Ева Корышева қарсыласын 6:1, 6:1 есебімен жеңді. Содан кейін Еркежан Жаңатаева да бәсекелесін 6:4, 6:7, 6:2 есебімен ұтты. Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 24 ...

    Read More »

    Шавкат Рахмонов су тасқынынан зардап шеккен бір отбасыға үй салып береді

     Шавкат Рахмонов Қобда ауданында су тасқынынан зардап шеккен бір отбасыға үй салып береді. Аралас жекпе-жек файтері Шавкат Рахмонов Ақтөбе облысындағы Қобда ауданының Қобда ауылында болып, су тасқынынан зардап шеккен тұрғындармен кездесті. Белгілі спортшы қобдалықтарды Наурыз мейрамымен құттықтап, қиын кезеңді бастан өткерген халықпен әрдайым бірге екенін айтты. Қолдау ретінде бір отбасыға үй салып беретінін қуанышпен жеткізді. Наурыз мейрамымен баршаңызды құттықтаймын! Керемет ...

    Read More »

    Қазақстан құрамасы өз алаңында Словениядан ұтылып қалды

    Астанада футболдан Қазақстанның ұлттық құрамасы 2024 жылы өтетін Еуропа чемпионаты іріктеу турнирінің бірінші матчын Словения командасымен өткізіп, 1:2 есебімен ұтылып қалды. Кездесуде алғашқы болып алаң иелері гол салды. Ойынның 24-минутта қапталдан алға шыққан Абат Айымбетов допты Вороговскийге асырды. Ал Ян Вороговский одан әрі қонақтардың айып алаңына қарай командаластарына пас берді. Допқа бірінші болып Максим Самородов жетіп, баспен қақпаға соқты. Одан ...

    Read More »

    Париждің мэрі Ресей мен Беларусьтің Олимпиадаға қатысуына қарсы шықты

    Францияның астанасы — Париж қаласының мэрі Анн Идальго ресейлік және беларусь спортшыларының 2024 жылы болатын Олимпиялық ойындарға өз елдерінің туымен қатысуына қарсылық білдірді. Мен ХОК бұған рұқсат беруін елестете алмаймын. Мен мұны болдырмау үшін қолымнан келгеннің бәрін жасаймын. Біз қазір әрекет етуіміз керек. ХОК-тың Олимпиаданы өткізу үшін Парижді таңдауының символдық мәні бар. Өйткені, Париж — адам құқықтарының астанасы, — деді ...

    Read More »

    Елжаңа Таниева Әлем кубогында қола жүлдегер атанды

    Қазақстандық гимнастшы Елжаңа Таниева Грекияның астанасы – Афина қаласында өткен Әлем кубогы кезеңінің қола жүлдегері атанды. Ол төрешілер тарапынан 31.550 ұпай алып, үшінші орынға ие болды. Сонымен қатар, Елжаңа Таниева таспа финалында өнер көрсетіп, жүлделі орынға бір қадам жетпей, төрітнші орынды қанағат тұтты. Елжаңа Таниева жақында ғана Испанияда өткен Әлем кубогы кезеңінде ұршықпен жаттығудың шешуші сынында жетінші орынды иеленген еді. ...

    Read More »

    Президент Рыбакинаны жеңісімен құттықтады

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакинаны әлемдік турнирдегі жеңісімен құттықтады. Индиан-Уэллстегі беделді турнирде жарқын жеңіске жеткен Елена Рыбакинаны құттықтаймын! Біздің спортшымыз асқан шеберлігін, жеңіске деген мұқалмас ерік-жігерін және спорттағы жоғары мәдениет үлгісін көрсетті. Елена әлемдегі үздік корттарда жаңа жетістіктерге жете береді деп сенемін! – деп жазды президент Instagram-дағы парақшасына. Елена Рыбакина Индиан-Уэллс WTA 1000 турнирінің жеңімпазы атанған. Ол финалда әлемнің ...

    Read More »

    Рыбакина жеңісі үшін 1 млн доллардан астам жүлде алды (ВИДЕО)

    Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Индиан-Уэллс WTA 1000 турнирінің жеңімпазы атанған соң, 1 млн доллар жүлде жеңіп алды. Ол финалда әлемнің екінші ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенкомен кездесіп, екі сағаттан астам уақытқа созылған сында қарсыласын 7:6 (13:11), 6:4 есебімен ұтты. Сөйтіп, алғаш рет WTA 1000 жарысының жеңімпазы атанған Елена Рыбакина Арина Соболенкодан Австралия ашық чемпионатының финалында кеткен есені қайтарды. Мен ...

    Read More »