• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    el.kz

    Өзбекстандағы қазақ спортшысы елге оралды

    Бокстан 2023 жылғы Өзбекстан чемпионатының қола жүлдегері Аман Қонысбеков елге қоныс аударды, деп хабарлады BasSport.kz.

    Шаршы алаңға 71 келіге дейінгі салмақта шығып жүрген қандасымыз Астана қаласына көшіп келді. Ол Астанада туған ағасымен бірге тұрып жатыр. Ал бокстан жарыстарға Түркістан облысының атынан қатысады.

    Қазір Аман Қонысбеков Алматыдағы оқу-жаттығу жиынында жүр. Осы жерде боксшы еліміздің ұлттық құрамасымен етене араласып кетті.

    Былтыр Қонысбеков Өзбекстан чемпионатының жартылай финалында әлем чемпионы Асадхужа Муйдинхужаевпен қолғап түйістірген еді. Сол кезде үш раунд қорытындысы бойынша Муйдинхужаев төрешілердің шешімімен жеңіске жетті. Бұл айқаста Қонысбеков бірінші раундта қарсыласын бір рет нокдаунға түсірген болатын.

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *