• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    kazsports.kz

    Көркем гимнасшылар Gracia Fair Cup турнирінде 4 алтын медаль алды

    Мажарстанның астанасы – Будапешт қаласында өткен көркем гимнастикадан 28-Gracia Fair Cup халықаралық турнирінде Қазақстан құрамасы 4 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы.

    Турнирде жекелей сында Айбота Ертайқызы доппен, лентамен және ұршықпен өнер көрсетуде дес бермей, үш жаттығуда алтын медальді жеңіп алды.  Ал Эрика Жайлауова шығыршық жаттығуында чемпион атанды.

    Кеше көпсайыста Айбота күміс (125,2 балл), Эрика қола жүлдегер (122,25 ұпай) атанған. Сондай-ақ ұлттық құраманың тағы бір спортшысы Милана Парфилова төртінші, Зере Бақытжанқызы алтыншы, Айым Мейіржанова жетінші орынды қанағат тұтты.

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *