• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Author Archives: admin

    ХОК штаб-пәтері алдында Ресейге қарсы наразылық акциясы өтті

    Швейцарияның Лозанна қаласында Халықаралық Олимпиялық комитеттің(ХОК) алдында наразылық акциясы өтті. Наразылыққа қатысушылар ұйымды ресейлік және беларусь спортшыларының 2024 жылы Парижде (Франция) өтетін Олимпиялық ойындарға және басқа да халықаралық жарыстарға қатыстыруды талап етті. Шерушілер «Ресейсіз Олимпиялық ойындары» деген ұранмен плакаттармен ХОК штаб-пәтеріне дейін 3,5 шақырым жүріп, ХОК демеушілерін ұйымға қысым көрсету үшін өз қызметтерін пайдалануға шақырған. Акцияны Швейцариядағы еріктілер мен түрлі коммерциялық ...

    Read More »

    Белгілі комментатор ҚФФ президентінің кеңесшісі болды

    Белгілі спорт комментаторы Ермұхамед Мәулен Қазақстан футбол федерациясы президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы  © BEK Sport Telegram-арнасы хабарлады. SportPress.kz ақпараттық-сараптамалық спорт сайтының редакциясы әріптесімізге жаңа қызметте табыс тілейді.

    Read More »

    Рыбакина Майами турнирінде 352 635 доллар табыс тауып үлгерді

    Қазақстанның бірінші, әлемнің жетінші ракеткасы Елена Рыбакина тұңғыш рет АҚШ-тың Майами штатында өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шыққаны үшін 352 635 доллар табыс тапты. Ол 390 рейтингілік ұпайға ие болып үлгерді. Кеше теннисші ширек финалға шыққаны үшін 184 465 доллар табыс тапқанын болатын. Сонда ол ½ финалға жолдама алғаны үшін осы сомаға қосымша 168 мың доллар тауып отыр. ...

    Read More »

    Рыбакина Майами турнирінде алғаш рет жартылай финалға шықты

    Теннисші Елена Рыбакина алғаш рет АҚШ-та өтіп жатқан Майами WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шықты. Қазақстанның бірінші ракеткасы ширек финалда әлемнің 24-ракеткасы, италиялық Мартина Тревизанмен кездесіп, оны 1 сағат 12 минутта 6:3, 6:0 есебімен ұтты. Осылайша, Рыбакина биыл қатарынан 12 рет жеңіске жетті. Енді ол финалға шығу үшін әлемнің үшінші ракеткасы, америкалық Джессика Пегула немесе рейтингте 26-орында тұрған  ресейлік Анастасия ...

    Read More »

    Ресей спортшылары соғысқа қарсы шықса ғана жарыстарға жіберіледі — ХОК

    Халықаралық олимпиялық комитет (ХОК) ресейлік және белорус спортшыларын Украинадағы соғысқа қарсы шықса ғана жарыстарға жіберілетінін мәлімдеді. Бұл туралы rast.kz хабарлады. Кеше ХОК-тың президенті Томас Бах Олимпиялық ойындарға қатысты өткен баспасөз мәслихатында осылай деді. Оның айтуынша, Ресей мен Беларусь спортшылары бұл жағдайда бейтарап ту астында жарыстарға қатыса алады. Алайда Ресей мен Беларусьтің арнайы қызмет органдарымен келісімшарт жасасып қойған, екі елдің армиясымен немесе ...

    Read More »

    Мессидің трансферлік бағасы арзандап кетті

    Футболдан әлем чемпионы, Аргентинаның ұлттық құрамасы командасы мен «Пари Сен-Жермен» клубының шабуылшысы Лионель Мессидің трансферлік бағасы 16 жылда алғаш рет  50 млн еуродан арзандап кетті. Осы кезге дейін Мессидің құны 45 млн еуро болған. Сөйтіп, аргентиналық футболшының трансферлік бағасы 2007 жылдан бері алғаш рет 50 млн еуродан арзан болып отыр. Былтырғы жылдың қараша айында Transfermarkt Мессиді 50 млн еуроға бағалаған, ...

    Read More »

    Астанада Халық батырына арналған конференция өтеді

    Астанада 3 сәуірде Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Қостанай облысының әкімдігі, «Қостанай облысы әкімдігінің Мәдениет басқармасы» ММ, Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі, Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының «Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі» КММ ұйымдастыруымен Ұлт-азаттық көтерілісінің Бас сардары, Халық батыры Амангелді Имановтың туғанына 150 жыл толуына орай «Батырдың биік тұлғасы: тарихы, зерттелуі, ақиқаты» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді. Іч-с-шаралардың негізгі мақсаты: Жалпыұлттық тарихи сананы ...

    Read More »

    Астанада Халық батырына құрмет көрсетіледі

    Биыл Ұлт-азаттық көтерілісінің Бас сардары, Халық батыры Амангелді Имановтың туғанына 150 жыл. Осыған орай  Астана қаласы әкімдігінің Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясы 3 сәуірде сағат 18.00-де  «ДАЛА ДАУЫЛПАЗЫ» атты академиялық концерт ұсынады. Концертте симфониялық оркестр мен этно-фольклорлық ансамбль бірлесіп, алғаш рет синтезделген формада өнер көрсетеді. Бұл — Қазақстанда алғаш рет жасалып отырған экспериментті концерт. Халық батыры Амангелді Имановқа танымал композиторлар ...

    Read More »

    U-20 әлем чемпионатын өткізетін ел өзгеруі мүмкін

    Футболдан биылғы жастар арасындағы әлем чемпионаты уақтылы өтпесе, мундиаль басқа елде өткізілуі мүмкін. Бұл туралы Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) мәлімдеді. ФИФА-ның жоспары бойынша Индонезияда өтетін әлем чемпионатының жеребе жеребе тарту рәсімі 31 наурызда Бали аралдарының орталығы Денпасар қаласында өтуі керек. Бірақ салтанатты рәсімге бір аптадан аз уақыт қалса да ФИФА әлі күнге дейін жеребе тарту рәсімі туралы ешқандай ресми ақпарат таратқан ...

    Read More »

    Қазақстан көкпардан халықаралық ойында жеңіске жетті

    Өзбекстанның Сұрхандария облысының Термез ауданында көкпардан өткен халықаралық ойында Қазақстан құрамасы жеңіске жетті. Бұл туралы uza.uz хабарлады. Өзбекстан Республикасы президентінің 2021 жылғы 5 тамыздағы «Сұрхандария облысында қарабайыр тұқымды жылқыларды өсіру және насихаттау сонымен қатар, ат спортын одан әрі дамыту шаралары туралы» шешімін іске асыру аясында көкпардан өткен халықаралық ойында Қазақстан құрамасы бірінші орынды жеңіп алды. Жеңімпаз командаға 100 млн сум сыйақы ...

    Read More »