• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Author Archives: admin

    Түркиядағы жер сілкінісінен Солтүстік Кипрдің тұтас бір волейбол командасы қаза тапты

    6 ақпан күні Түркияда болған жойқын жер сілкінісінен кейін түркиялық үш волейболшы, сондай-ақ Солтүстік Кипрдің тұтастай бір волейбол командасы қаза тапты. Бұл туралы Fanatik сайты хабарлады. Адыяман қаласындағы үйінділер астынан 16 кипрлік волейболшы табылды. Бұл туралы Түрік волейбол федерациясы хабарлаған. Сондай-ақ Adıyaman Gençlerbirliği және Малатья BBSK командаларының ойыншылары Гамзе Наз Чучук, Эмине Арслан және Эминкан Коджабаштың жойқын жер сілкінісі салдарынан ...

    Read More »

    Боксшы Дәулет Дәукенов никарагуалық «Бұқаны» нокаутпен жеңді

    Боксшы Дәулет Дәукенов Чехияның Пльзени қаласында өткен кәсіпқой бокс кешінде жеңіске жетті. Дәулет Дәукенов «Бұқа» лақап атымен танымал никарагуалық боксшы Серхио Гонсалеспен жекпе-жекке шықты. Олардың жекпе-жегі бірінші жартылай орта салмақта өтіп, алты раундқа созылды. Қазақстан боксшысы үшінші раундта нокаутпен жеңіске жетті. Дәулет Дәукенов кәсіби карьерасында 11-рет жеңіске жетті. Ал Серхио Гонсалес 33-рет жеңіліп қалды.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА  

    Read More »

    Расул Хатаев ММА-дан әлем чемпионы атанды

    Расул Хатаев ММА-дан әлем чемпионы атанды. Бұл туралы Маңғыстау өңірлік коммуникация орталығы хабарлады. Сербияның астанасы – Белград қаласында ММА-дан ересектер арасындағы әлем чемпионаты болды. Оған әлемнің 62 елінен 550 аса спортшы қатысты. Әлемдік додада аса ауыр салмақ дәрежесінде Расул Хатаев чемпион атанды,- делінген ақпаратта. Жерлестері чемпионды Ақтау халықаралық әуежайынан күтіп алды.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »

    Бүгін Болгарияда бокстан Странджа кубогы үшін турнирі басталады

    Бүгін Болгарияның астанасы – София қаласында бокстан халықаралық «Странджа-2023» турнирі басталады. Биыл 74-рет өткізілгелі отырған турнирге Қазақстан құрамасы да қатысқалы жатыр. Бұл дода соңғы жылдары бұрын Германияның Галле қаласында өтіп келген бәсекеден асып түсіп, соның орнына «кіші әлем чемпионаты» деген жанама атауға ие бола бастады. Қазақстан құрамасы Болгарияның астанасына жетті. Команданы құраманың бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов бастап алып барды. Жаттықтырушылар ...

    Read More »

    Еуропа Парламенті Ресей спортшыларының жарыстарға қатысуларына қарсы шықты

    Еуропа Парламенті ресейліктерді 2024 жылғы Олимпиялық ойындарға жіберу ресми позицияға сай келмейтінін мәлімдеді. Бұл туралы dw.com хабарлады. Еуропарламент ресейліктер мен белорустарды бейтарап жалау астында жарыстарға қатысуға рұқсат ету РФ мен Беларусьті көп қырлы оқшаулау жөніндегі шешімге қайшы келеді деп шешті, – делінген хабарламада. Еуропарламент депутаттары Халықаралық Олимпиялық комитеттің ресейліктер мен белорустарға 2024 жылғы жазғы Олимпиадаға бейтарап жалау астында қатысуға рұқсат ...

    Read More »

    Иранда жанкүйерлер «Зенитпен» ойын кезінде Украинаға қолдау көрсетті (ВИДЕО)

    Иранда Санкт-Петербургтің «Зенит» футбол командасының ойыны кезінде жергілікті жанкүйерлер Украинаны қолдайтын перфоманс ұйымдастырды. Бұл туралы Twitter-дегі Iran International English парақшасында хабарланды. Иран жанкүйерлері өз командалары Санкт-Петербургтің «Зенит» клубымен өткізген жолдастық кездесуде Украинаны қолдайтындарын көрсетті, – делінген хабарламада. Бұл күні Нева жағалауынан келген клуб Тегеранның «Сепахан» командасымен күш сынасты. Қазір екі команда да өз чемпионаттарында көш бастап келеді. Жалпы, Ресейдің Украинаға ...

    Read More »

    Түрік фанаттары Қазақстан құтқарушыларына да алғыс айтты (ВИДЕО)

    Түркияда «Трабзонспор» футбол клубының фанаттары Конференция лигасының плей-офф кезеңінде швейцариялық «Базельге» қарсы өз алаңындағы матчта  зілзала салдарын жойып, адамдарды аман алып қалуға көмектесіп жатқан құтқарушыларға алғыс айтты. Стадионда фанаттар ілген баннерде үйінді астынан адамдарды шығаруға көмектесіп жүрген, қолына бала ұстаған құтқарушы бейнеленген. Құтқарушының темір қалпағында түрік халқына қайғылы апаттың салдарымен күресуге көмектесіп жатқан әр елдің тулары суреттелген. Олардың қатарында Қазақстанның ...

    Read More »

    Қазақстан дзюдошылары Еуропа кубогында екі медаль алды

    Болгарияның София қаласында дзюдодан өткен Еуропа кубогында Қазақстан командасы екі медаль иеленді. 66 килоға дейінгі салмақта күрескен Ғұмар Қырғызбаев финалда қарсыласынан ұтылып, күміс жүлдеге ие болды. 81 килоға дейінгі балуандар арасында Руслан Мұсаев қола жүлдегер атанды. Халықаралық турнирге 43 мемлекеттен 400-ге жуық татами шеберлері қатысып жатыр.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »

    Қазақстан спортшысы ережесіз жекпе-жектен әлем чемпионы атанды

    Сербияда жастар арасында ММА бойынша әлем чемпионаты болып жатыр. Оған 62 елден 600-ден астам спортшы қатысуда. Жарыстың 20 жасқа дейінгі (U-20) санатында Матильда Бачурина алтын жүлдеге ие болды. Матильда Бачурина жеке жаттықтырушысы Баян Жанғаловтың айтуынша,  спортшы тартысты жекпе-жекте өз еліміздің, сондай-ақ, Украина мен Германия өкілдерін жеңді.   Дастан КЕНЖАЛИН, ФОТО: Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы АСТАНА

    Read More »

    Польша ХОК-тан Олимпиадаға Ресей спортшыларын қатыстырмауды талап етті

    Польша Халықаралық олимпиялық комитетке (ХОК) Олимпиялық ойындарға ресейліктерді қатыстырмау жөнінде ультиматум қойды. Бұл туралы «Диалог.ua» хабарлады. Батыс коалициясына кіретін елдердің бірі 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиадаға ресейлік және беларусьтік спортшылар қатысатын болса, Ойындарға бойкот жариялауға дайын екенін білдірді, – делінген хабарламада. Әзірше ХОК өзінің Парижде 2024 жылы өтетін Олимпиадаға РФ және Беларусь атлеттерін бейтарап мәртебе негізінде жіберу жөніндегі идеясын қорғаштаумен ...

    Read More »