• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Monthly Archives: шілде 2025

    Дзюдодан жастар арасында Азия кубогының иегерлері анықталды

    Алматы қаласында дзюдодан жасөспірімдер мен жастар арасында өткен Бекет Махмұтовты еске алуға арналған Азия кубогы аяқталды, деп хабарлады Қазақстан дзюдо федерациясы. Федерацияның хабарлауынша, төрт күнге созылған жарысқа ел спортшыларымен қатар Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Тәжікстан, Моңғолия, Үндістан, Ливан, АҚШ және IJF құрамаларынан 800-ден астам дзюдошы қатысты. Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте көш бастады. Жасөспірімдер құрамасы 5 алтын, 4 күміс, 12 қола, ...

    Read More »

    World Boxing: Қазақстан құрамасы жалпы есепте топ жарды

    Бүгін Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында бокстан әлем кубогының кезеңі аяқталды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Барлығы 30 елден 300-ге жуық боксшы сынға түскен бәсекеде Қазақстан құрамасы 16 салмақта құрмет тұғырының биік сатысынан көрінді. Енді финалдық кезең 15-22 қараша аралығында Үндістанда болады. Ерлер құрамасы – 5 алтын,  1 күміс, 2 қола медаль. Әйелдер құрамасы – ...

    Read More »

    Грек-рим күресінен АЧ: Қазақстан балуандары бес алтын жүлде алды

    Қырғызстанның Бішкек қаласында грек-рим күресінен 15 жасқа дейінгілер арасында Азия чемпионатында қазақстандық балуандар тоғыз медаль жеңіп алды, деп хабарлады Қазақстан күрес федерациясы. Отандастарымыз құрлықтық додада бес алтын, төрт күміс медальге ие болды. Осы жетістіктің арқасында құрама құрлықтық біріншілікте жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленді. Алтын медаль Нұрислам Пахитжан (38 кг) Әли Алмас (41 кг) Диар Аманәлі (48 кг) Самға Ермек (52 ...

    Read More »

    Рыбакина Уимблдон турнирін сенсациямен аяқтады

    Теннисші Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 11-орында) Ұлыбританияның Лондон қаласында өтіп жатқан Уимблдон турнирінде күтпеген жерден жеңіліп қалды. Турнирдің үшінші айналымында Рыбакина Данияның өкілі Клара Таусонмен (WTA рейтингінде 22-орын) ойнап, екі сетте 6:7, 3:6 есебімен қарсыласына есе жіберді. Омылайша, Клара Таусон Уимблдон турнирінің 1/8 финалына шықса, Елена Рыбакина жарысты ерте аяқтады. Бұған дейін Қазақстанның бірінші ракеткасы Арменияның теннисшісі Элина Аванесянды (49-орын) 6:2, ...

    Read More »

    Даниил Медведев Almaty Open ATP 250 турнирінде ойнайды

    Әлемдік теннис шебері, әлемнің экс-бірінші ракеткасы, US Open-2021 чемпионы, Австралия ашық чемпионаттарының финалисі (2021, 2022, 2024), 2020 жылғы ATP қорытынды турнирінің жеңімпазы, жекелей сында 20 ATP жарысында үздік шыққан, 2021 жылғы Дэвис және ATP кубогының иегері Даниил Медведев Алматы қаласында 11-19 қазанда өтетін Almaty Open ATP 250 додасына қатысатынын растады, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Медведевтің қатысуы жарыс деңгейін көтеріп, ...

    Read More »

    World Boxing: Қазақ боксшылары уақытынан бұрын жарытлай финалға шықты

    Бокстан Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында Әлем кубогының ширек финалдық жекпе-жектер болып жатыр, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Күндізгі сессияда күтпеген жерден 60 кг салмақта Серік Теміржанов жапониялық спортшыға есе жіберді. Әзірше бұл салмақта отандастарымызға ірі жарыстардың жүлдесі бұйырмай келеді. 80 кг салмақта Нұрбек Оралбай мен 57 кг салмақта Айдана Забынбекова рингке шықпай-ақ, жартылай ...

    Read More »

    «Уимблдон»: Рыбакина үшінші айналымға шықты

    Қазақстанның бірінші, әлемнің 11-ракеткасы, 26 жастағы Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің үшінші айналымына шықты, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Теннисші екінші ойынын әлемдік рейтингіде кезінде 3-орынға дейін көтерілген, қазір 77-сатыдағы грекиялық, 29 жастағы Мария Саккаримен ойнады. Қарсыластар осыған дейін бес рет ойнап, соның төртеуінде Рыбакина жеңген еді. Бұл жолы Рыбакина матчты сәтті бастады. Бірінші сетте 6:3 есебімен жеңді. Екінші сетті қарсыластар ...

    Read More »

    Рыбакина Уимблдон турнирін ірі жеңіспен бастады

    Әлемнің 11-ракеткасы Елена Рыбакина Ұлыбританяиның Лондон қаласында өтіп жатқан «Уимблдон-2025» турнирінің екінші айналымына шықты, Қазақстан теннис федерациясы. Ол алғашқы ойынын әлемдік рейтингте 49-орында тұрған армениялық Элина Аванесянды 6:2, 6:1 есебімен жеңді. Матч бір сағатқа созылды. Осы уақытта Рыбакина үш эйс жасап, екі қате жіберді. Алты брейк-пойнттың бесеуін сәтті пайдаланды. Екінші айналымда Рыбакина Грекия өкілі Мария Саккаримен ойнайды. Турнирдің жекелей жарыс ...

    Read More »

    World Boxing: Алғашқы жартылай финалистер белгілі болды

    Астанада бокстан Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында Әлем кубогының үшінші кезеңі одан әрі жалғасып жатыр, деп хабарлады Туризм және спорт министрілігінің Спортты дамыту дирекциясы. Күндізгі сессияда әлем чемпиондары Махмұд Сабырхан (55 кг) мен Нұрбек Оралбай (80 кг) өз қарсыластарын жеңіп, ширек финалға шықты. Ал 54 кг салмақта екінші жекпе-жегіне шыққан Әнел Сақыш Азия чемпионы Феруза Казаковадан (Өзбекстан) жеңіліп қалды. Кешкі ...

    Read More »

    Сауда орындары киберспорттан сайысқа түсті

    Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының «Дүйсенбілік спорт» жобасы аясында NEET санатындағы жастар арасында киберспорттан өткен турнир мәресіне жетті. Social project management орталығының ұйымдастыруымен өткен жарысқа «Саламат», «Қазына», «Алтын орда», «Сарыарқа» «Өжет» және тағы басқа базарлардан 30-дан астам ойыншы қатысты. Real компьютерлік клубында өткен турнирге киберспорттан бірнеше дүркін чемпион болған Бірім Аманов төрелік жасады. Киберспорттың түрі көп екені белгілі. Ұйымдастырушылар мен ...

    Read More »