• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Monthly Archives: тамыз 2025

    Зәуреш Ақашева — WTT Feeder турнирінің қола жүлдегері!

    АҚШ-тың Спокане қаласында үстел теннисінен өткен WTT Feeder халықаралық турнирінде ұлттық құрама команданың өкілі Зәуреш Ақашева қола жүлдегер атанды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Ол жұптық сында словениялық Анна Тофантпен бірге ойнап, қола медаль үшін матчта жеңіске жетті.    

    Read More »

    «Тұран» төрт тур қалғанда бас жаттықтырушысыз қалды

    Түркістан қаласының «Тұран» футбол клубы премьер-лига ойындарының аяқталуына төрт тур қалғанда бас жаттықтырушы Әбдіхалық Бөрібаев пен оның көмекшісі Артур Авакянцпен қош айтысты. Клубтың баспасөз қызметі хабарлағандай, қазір «Тұранның» бірінші лигаға түсіп қалу қаупі бар. Сол себептен бас жаттықтырушы мен оның көмекшісі командадан кетуге мәжбүр болып отыр. Қазір клуб премьер-лигада 19 турдан кейін 11 ұпаймен 13-орында. Оның алдында 12-орында 13 ұпаймен «Ұлытау» ...

    Read More »

    Бокстан АЧ: Төрт спортшымыз финалда қолғап түйістіреді

    Бокстан Таиландтың Бангкок қаласында жастар арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында әйелдер құрамасының төрт спортшысы финалға шықты. Азия чемпионы атағы үшін Гүлназ Бөрібаева (48 келіге дейін), Бақыт Сейдіш (70 келіге дейін), Шұғыла Нәлібай (75 келіге дейін) мен Әсел Тоқтасын (80 келіден аса салмақ) қолғап түйістіреді.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА    

    Read More »

    Кавказда қазақ боксшының інісінің денесі табылды

    Грузияда белгілі кәсіпқой боксшы Серік Мусадиловтың інісі Шыңғыс Мусадиловтың мәйіті табылды, деп хабарлады Prosport.kz. Ол 3 тамыздан 4 тамызға қараған түні Тбилисидегі түнгі клубтардың бірінің жанында болып, содан кейін хабарсыз кеткен. Байланысқа шықпай, үйіне де, жұмысына да бармаған. Жас жігіттің туыстары жан-жаққа хабарласып, құқық қорғау органдарынан көмек сұраған. Алайда ешқандай нәтиже болмай, Шыңғыстың денесі 27 тамызда табылды. Әзірге Шыңғыс Мусадиловтың ...

    Read More »

    Қазақ күресі ұлттық идеологияның алаңына айналды

    Семей қаласындағы «Абай Арена» спорт кешені төрт күн бойы еліміздің түкпір-түкпірінен келген апайтөс балуандардың айқасына куә болды, деп хабарлады Qazaq Kuresi Ассоциациясының баспасөз қызметі. Қазақ күресінен ересектер арасындағы Қазақстан кубогы – биылғы ұлттық спорт күнтізбесіндегі ең тартысты жарыстардың бірі болды. Алаш арыстарының ізі қалған, хакім Абайдың қаны тамған қасиетті топырақта ұлттық күресіміздің туы қайта желбіреді. Бұл додаға еліміздің барлық өңірінен ...

    Read More »

    Чемпиондар лигасы: Дастан Сәтпаев «Қайратқа» жеңіс әперді (ВИДЕО)

    Алматының «Қайрат» клубы футболдан UEFA Чемпиондар лигасы үшінші іріктеу кезеңінде Словакияның «Слован» командасымен ойнап, жеңіске жетті. Матч басталысымен командалар бір-бірінің қақпасына тез гол соғуға тырысты. Әсіресе, алаң иелері қонақтардың қақпасына лап қойды. «Слованның» ойыншылары да қарап қалмай, «Қайратқа» шабуыл жасап, есепті бірінші ашқысы келді. Алайда, онысынан ештеңе шықпады. «Қайраттың» да шабуылдары өңбеді. Екінші таймда алаң иелері алаңның барлық жерінде басымдық ...

    Read More »

    World Boxing: Азия чемпионатында бес боксшымыз финалға шықты

    World Boxing аясында Таиландтың астанасы — Бангкок қаласында 22 жасқа дейінгілер арасында Азия чемпионатында ұлттық құрама команданың бес боксшысы финалға шықты. Әуелі Нұрислам Қалдыбаев (60 кг) Бутанның боксшысы Дечен Дорджиді уақытынан бұрын жеңсе, Илья Калинин (65 кг) Филиппиннің өкілі Марк Эшли Фаджардомен шаршы алаңға шықпай жатып, финалға жолдама алды. Оның қарсыласы  жекпе-жектен бас тартты. 70 кило салмақтағы Нұрбек Мұрсал болса, ...

    Read More »

    Украина теннисшісі Рыбакинамен ойнаудан бас тартты

    Қазақстанның бірінші, әлемнің 12-ракеткасы Елена Рыбакина Канаданың Монреаль қаласында өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Ол ширек финалда әлемнің 28-ракеткасы, украиналық Марта Костюкпен ойнады. Осыған дейін қарсыластар үш рет кортқа шығып, соның екеуінде Рыбакина жеңген еді. Бұл жолы бірінші партияда Рыбакина айқын басымдылық танытты. Есеп 6:1 болды. Екінші сетте есеп 2:1 болған кезде ...

    Read More »

    Қазақ күресінен Қазақстан кубогы: Мықтылардың алды анықталды

    Бүгін қазақ күресінен ересектер арасындағы Қазақстан кубогының үшінші жарыс күні өз мәресіне жетті, деп хабарлады Qazaq Kuresi Ассоциациясының баспасөз қызметі. Белдесулердің нәтижесі төмендегідей: Ерлер 55 кг І орын – Қуаныш Мақсұтов (Абай обл.) ІІ орын – Архат Баймурзин (Қостанай обл.) ІІІ орын – Рузимон Тугушев (Түркістан обл.) ІІІ орын – Мақсат Төлеу (Қостанай обл.)   60 кг І орын – ...

    Read More »

    Балуандар Афинадан 11 жүлдемен келе жатыр

    Грекияның Афина қаласында күрес түрлерінен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты аяқталды. Бұл жарыста Қазақстан құрамасы 11 медаль жеңіп алды. Грек-рим күресінде Жаңажол Қуанышбек 45 кеилоға дейінгі салмақта чемпион атанса, күміс жүлдені Нұрдәулет Құмарұлы (48 килоға дейін) мен Нұралы Асқар (55 килоға дейін) иеленді. Шамиль Досбол (65 килоға дейін) мен Марлен Мейірбекұлы (71 килоға дейін) қола жүлдені қанағат тұтты. Қыздар арасында Мадхия ...

    Read More »