Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов таеквондодан XXXII жазғы Универсиада мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпиондары мен осы жарыстардың жүлдегерлерімен кездесті. Оған Халықаралық таеквондо федерациясының (WT) президенті Чунгвон Чоу, Қазақстан таеквондо федерациясының президенті Құдірет Шамиев, жаттықтырушылар мен жас спортшылар қатысты, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Жиында министр доктор Чоуға таеквондоны әлемдік деңгейде дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс айтты. Ербол Мырзабосынов ...
Read More »Monthly Archives: тамыз 2025
«Барыс» клубы америкалық қорғаушыға айлық тағайындады
«Барыс» хоккей клубы ресми түрде АҚШ азаматы Иэн Маккошенмен келісімшарт жасасқанын хабарлады. Бұл құжат бойынша америкалық хоккейші 200 миллион теңгеден аса табыс табады, деп хабарлады Metaratings.kz. Келісімшарт спортшымен бір маусымға есептелген. Өткен маусымда 29 жастағы хоккейші ҚХЛ-дың тұрақты чемпионатында «Куньлунь Ред Стар» құрамында 61 рет айдынға шықса, ҰХЛ-да «Флорида Пантерз» құрамында да біраз уақыт ойнаған, — делінген хабарладама. «Спорт-Экспресс» журналисі Артур Хайруллиннің ...
Read More »Чемпиондар лигасы: «Қайрат» плей-оффқа шықты (ВИДЕО)
Алматының «Қайрат» футбол клубы UEFA Чемпиондар лигасы үшінші іріктеу кезеңінде сырт алаңда Словакияның «Слован» командасымен ойнап, екі матчтың қорытындысы бойынша плей-оффқа шықты. Командалардың екінші ойыны Братислава қаласында болды. Бірінші матчта «Қайрат» Алматыда «Слованды» 1:0 есебімен жеңген болатын. Сондықтан клубқа Чемпиондар лигасының плей-офф сатысына шығу үшін қарсыласпен тең ойнап немесе 0:1 есебімен жеңілген жағдайда пенальти сериясында жеңу керек еді. Сол себептен ...
Read More »Жас теннисшілер Германияда топ жарды
Германияның Кирххайм-унтер-Текк қаласында 14 жасқа дейінгілер арасында екінші санаттағы Tennis Europe Baublies Jugend Cup жарысы мәресіне жетті, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Оған Германия, Қазақстан, Словакия, Словения, Швейцария, Гонконг, Чехия, АҚШ, Италия, Румыния, Қырғызстан, Аустрия, Франция, барлығы 13 елден 32 жас теннисші қатысып, бақ сынады. Қазақстан спортшылары жекелей және жұптық сында үздік өнер көрсетіп, жеңімпаз атанды. Жекелей сында Айым Қанағатова ...
Read More »Рыбакина Цинциннати турнирінің келесі айналымына шықты
Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-тың Цинциннати қаласында өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің төртінші айналымына шықты, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Ол үшінші айналымда әлемнің 22-ракеткасы, бельгиялық Элисе Мертенспен ойнап, жеңіске жетті. Бұған дейін екеуі бір-бірімен алты рет ойнаған еді. Соның бесеуінде рыбакинаның мерейі үстем болған. Бұл жолы бірінші партияда Рыбакина қарсыласынан 4:6 есебімен жеңіліп, екінші сетте 6:3 есебімен ...
Read More »World Boxing: Қазақстан жастары құрмет тұғырына көтерілді
Бүгін Таиландтың астанасы — Бангкок қаласында жаңадан құрылған Бүкіләлемдік бокс ұйымының (World Boxing) ұйымдастыруымен өткен 22 жасқа дейінгі жастар арасында Азия чемпионаты аяқталды. Бұл дүрмекті додада Қазақстан құраамсының ерлер және қыздар командалары 9 медальді иеленді. Олардың бесеуі алтын жүлде болса, төртеуі күміс медаль. Нұрислам Қалдыбаев (60 кг), Санжарәли Бегалиев (80 кг), Темірлан Мұқатаев (90 кг), Гүлназ Бөрібаева (48 кг) мен ...
Read More »Елімізде алғаш рет Азиядағы беделді спорт ұйымының басқосуы басталды
Бүгін Астанада Туризм және спорт министрлігі, Азия Паралимпиадалық комитеті мен Қазақстан Ұлттық паралимпиадалық комитетінің ұйымдастыруымен және халықаралық спорт ұйымдарының қолдауымен Азия Паралимпиадалық комитетінің (АПК) конференциясы мен VII Бас ассамблеясының отырысы басталды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Мұндай ауқымды іс-шара алғаш рет елімізде ғана емес, Орталық Азияда ұйымдастырылып отыр. Форумға 45 елден 190-нан астам делегат қатысып жатыр. Жиынның салтанатты ашылу ...
Read More »Сейілхан Болатбек – XII Дүниежүзілік ойындардың қола жүлдегері!
Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан XII Дүниежүзілік ойындарында джиу-джитсудан не-ваза бөлімі бойынша 77 келі салмақ дәрежесінде Сейілхан Болатбек қола медаль жеңіп алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Отандасымыз жүлделі орын үшін таласта Канада өкілі Майкл Шиханмен жолығып, 2:0 есебімен басым түсті. Одан бөлек, 69 келідегі Нұржан Батырбеков 3-орын үшін айқаста Оңтүстік Корея спортшысы Сеонг ...
Read More »Демеу Жадыраев Гран-при турнирін жеңіп алды
Германияның Дортмунд қаласында грек-рим күресінен өткен Гран-при турнирінде Демеу Жадыраев Олимпиададан кейін алғаш рет кілемге шыға салысымен жеңімпаз атанды. Бұл турнирде Қазақстан балуандары 7 медальға алды. Оның екеуі – алтын жүлде. Атап айтқанда, 77 келіге дейінгі салмақта Демеу Жадыраев жеңімпаз болса, 67 келіге дейінгі салмақта Бағдат Сабаз да үздік атанды. Ербол Камалиев (60 келіге дейін) пен Омар Сатаев (82 келіге ...
Read More »Cranberry Cup International 2025: Софья Самоделкина жеке рекордын жаңартты
Мәнерлеп сырғанаудан АҚШ-тың Норвуд қаласында өткен Cranberry Cup International 2025 Челленджер сериясында Софья Самоделкина күміс жүлдеге ие болып, қысқа және еркін жаттығуда да рекордтарын одан әрі жақсартты, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Софья Самоделкина — 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының лицензия иегері. Қорытынды нәтиже: Изабо Левито (2024 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері) – 207,61 ...
Read More »