• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Monthly Archives: тамыз 2025

    Қысқы Азиада: 85 спортшы мен 32 жаттықтырушыға қаржылай сыйақы берілді

    Мемлекет басшысының халықаралық аренада үздік нәтиже көрсеткен спортшыларды ынталандыру туралы тапсырмасына сәйкес, Қытайдың Харбин қаласында өткен IX қысқы Азия ойындарында үздік атанған отандық спортшыларды қолдау мақсатында Үкімет қаулысымен 372,6 миллион теңге бөлінді. Қаржылай сыйақы Азия ойындарында үздік 85 спортшы мен 32 жаттықтырушыға берілді. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі хабарлады. Қытайдағы ақ Азиадада отандастарымыз 4 алтын, 9 күміс және 7 ...

    Read More »

    Еркін күрестен ӘЧ: Жасөспірімдер үшінші орыннан көрінді

    Грекияның астанасы – Афина қаласында еркін күрестен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты аяқталды. Бұл сында еркін күрестен Қазақстан құрамасы үш қола медальді иеленді. Үшінші орыннан балуандар Данаэль Әбдіқасым (51 килоға дейін), Бекасыл Асамбек (60 килоға дейін) пен Дінмұхамед Қасымбек (80 килоға дейін) көрінді. Командалық есепте Қазақстан үшінші орынға ие болды. Бірінші орынды АҚШ құрамасы жеңіп алса, Иран спортшылары екінші орынға шықты. ...

    Read More »

    Қосанов мемориалы: Жеңіл атлеттер 34 жүлдені жеңіп алды

    Бұл жарыста Қазақстан құрамасы жалпы есебі 34 жүлдені жеңіп алды. Атап айтқанда, 6 алтын, 12 күміс және 16 қола медальді иеленді. Жарыста Юлия Башманова (100 метрге кедергілер арқылы жүгіру), Полина Иванова (сырықпен секіру), Александра Залюбовская (400 метр), Надежда Дубовицкая (биіктікке секіру), Иван Товченик (сырықпен секіру) пен Қазақстанның аралас 4×400 метрлік эстафета командасы алтын медальді жеңіп алса, Ирина Конищева (100 метрге ...

    Read More »

    Құрмет тұғырында ару қызымыз – Аружан

    Біздің қазақтың қайсар қыздарының дөңгелетіп алып кетпейтін спорт түрі жоқ шығар, сірә. Тіпті, зілтемір көтеру секілді қыз балаға ауырлау спорт түрлерінде  де қаракөз қыздарымыз әлем ареналарында атой салып, жүлде салып келеді. Сол көптеген спорт түрлері ішінде кәрістің таеквондо спортыннан да бұрымды қыздарымыз құр жаяу емес. Қазіргі кезде ел намысын қорғайтын қыздарымыздың  Азия аймағында алдына жан салмай келе жатқынына бөркімізді лақтырып ...

    Read More »

    Тарихи қола жүлде

    Семсерлесуден Грузияның Тбилиси қаласында өткен әлем чемпионатында Қазақстаннның намысын қорғаған төрт саңлағымыз қола жүлдені жеңіп алып, әлемді аузына қаратты. Сын алаңына шыққан Кирилл Проходов, Руслан Құрбанов, Вадим Шарлаимов пен Эльмир Әлімжановтар төрттігі үшінші орын үшін бәсекеде осы спорт түрінде алдына жан салмай әлемдік  рейтингте үшінші сатыда келе жатқан Франция құрамасын  тас-талқан етіп жеңіп, әлем чемпионатының қола жүлдесіне ие болды. Бұл ...

    Read More »

    Қазақстан футзалында отандық ойыншыларды дайындауды құптаймын — Нұрсұлтан Құрман

    Қазақстан футзал қауымдастығының президенті Нұрсұлтан Құрман Kazinform агенттігінің тілшісіне берген сұхбатында ұлттық құраманың Еуропа чемпионатына шығуы, Премьер-лигадағы бәсекелестікті арттыру, футзалға инвестиция тарту және өзге де мәселелер бойынша ой-пікірін айтып берді. — Қазақстан футзал қауымдастығының президенті қызметіне келгеніңізге бір айға жуықтады. Бұл қызметке келгенде алдыңызға қандай мақсат қойып отырсыз? — Алдымен жақын уақытта жүзеге асуы көзделген жоспарымызға тоқталайық. Нақты ортақ мақсатымыз ...

    Read More »

    Ақтөбеде ел ағалары жас талантқа бір үйір жылқы сыйлады

    Ақтөбеде ел ағалары жастар арасындағы грек-рим күресінен әлем чемпионы атанған жас балуан Жаңажол Қуанышбекке бір үйір жылқы сыйлады. Грек-рим күресінен Қазақстан жасөспірімдер құрамасының өкілі Жаңажол Қуанышбек Грекияның Афина қаласында әлем чемпионы атанған еді. Ол 45 килоға дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медальді жеңіп алды. Соның құрметіне Ақтөбе облысының грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы жас балуанға бір үйір жылқы тарту етті. ...

    Read More »

    Poland Open-2025: Эльмира Сыздықова жарақаттың кесірінен күміс жүлде алып қалды

    Күрес түрлерінен Польшаның Варшава қаласында өтіп жатқан Poland Open турнирінде Эльмира Сыздықова ойда жоқта финалға шыға алмады. Ол 2 тамызда 76 килоға дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль үшін таласта бозкілемге шықпай қалды. Кейін оның жарақат алғаны белгілі болды. Бұған дейін спортшы қатарынан үш рет күресіп, үшеуінде де қарсыластарын жеңген еді. Осылайша турнирдің жеңімпаз атағы бразилиялық Тамирес Мартинс Машадоға бұйырды. Ол еш ...

    Read More »

    Рыбакина Канадада камбэк жасады

    Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина Канаданың Монреаль қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің ширек финалына шықты. Ол турнирдің төртінші айналымда украиналық Даяна Ястремскаяны (WTA рейтингінде 35-орында) 5:7, 6:2, 7:5 есебімен жеңді. Матч 2 сағат 33 минутқа созылды. Осы уақытта Рыбакина жеті эйс жасап, тоғыз қос қателік жіберді. Тоғыз брейк-пойнттың бесеуін сәтті пайдаланды. Енді Елена Рыбакина жартылай финалға ...

    Read More »

    Дархан Қызайбаев Asian Boxing ұйымының басшылық құрамына тағайындалды

    Таиландтың Бангкок қаласында бокстан U19 және U22 жасқа дейінгілер арасындағы Азия чемпионаты аясында Азия бокс федерациясының кезектен тыс конгресі болды. Жиында жаңа ұйымның басшылық құрамы сайланды. Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті Дархан Қызайбаев Қаржылық және аудиторлық комиссияның төрағасы әрі директорлар кеңесінің мүшесі болып тағайындалды. Дархан Қызайбаев 2024 жылдың ақпан айынан бастап халықаралық байланыстар жөніндегі вице-президент қызметін атқарып келеді. Сонымен бірге ол ...

    Read More »