• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Азия чемпионаты

    Дзюдодан АЧ: Қазақстан елге төрт қола медальмен келе жатыр

    Бүгін Қытайдың Гонконг қаласында дзюдодан XXXII Азия чемпионаты аяқталды. Чемпионаттың соңғы күні ұлттық құрама аралас командалық сайыста қола медальді жеңіп алды. Жүлде жолында Түркменстанмен болған жекпе-жек 4:2 есебімен Қазақстанның пайдасына шешілді. Татамиге алғаш шыққан Екатерина Токарева, одан кейін аса ауыр салмақтағы Камила Берліқаш пен Ерасыл Қажыбаев қарсыласының жауырынын жерге тигізді. Осы екі ортада Асқар Арапов пен Бақыт Құсақбаевадан түркменстандық дзюдошы ...

    Read More »

    Дзюдодан АЧ: Эсмигуль Куюлова алғаш рет жүлде алды (ВИДЕО)

    Бүгін Қытайдың Гонконг қаласында өтіп жатқан дзюдодан Азия чемпионатының екінші жарыс күні ұлттық құрама сапынан бес дзюдошы татамиге шығып, тек Эсмигуль Куюлова (-63 кг) ғана жүлдегер атанды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Ұлттық құраманың спортшысы жүлде жолында Зулхумар Дашкиноваға (Түркменстан) еш мүмкіндік бермей, мерзімінен бұрын жеңді. Бұл — оның сары құрлық чемпионатындағы бірінші жүлдесі. Таңғы сессияда ...

    Read More »

    Темірхан Дайырбек Паралимпиада лицензиясын иеленді

    Пара спортшы Темірхан Дайырбек академиялық ескек есуден Азия чемпионатында жеңіске жетіп, Парижде өтетін Паралимпиада лицензиясына ие болды. Чемпионат 18-21 сәуір аралығында Оңтүстік Кореяның Чунджа қаласында өтті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Темірхан PR1m1X академиялық ескек есуден 2 000 метр қашықтықты 9 минут 38.81 секундта өтіп, бірінші орынға ие болды.  Екінші орынды 9:40.52 нәтижесімен жапондық спортшы Мори Такуиа иеленді. Ал ...

    Read More »

    Дзюдодан АЧ: Жанарыс Рахметқали – қола жүлдегер!

    Дзюдодан Гонконгта өтіп жатқан дзюдодан Азия чемпионатында Жанарыс Рахметқали қола жүлдегер атанды, деп хабарлады Olympic.kz. 66 келі салмақта сынға түскен ол кіші финалда командаласы Ғұсман Қырғызбаевтан басым түсті. Бұл – Жанарыс Рахметқалидың ересектер арасында жеңіп алған алғашқы медалі. Ол сондай-ақ, жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері. Бірінші жарыс күнінде әйелдер арасында Ғалия Тынбаева (48 кг) қола медаль иеленген болатын.

    Read More »

    Дзюдодан АЧ: Ғалия Тынбаева алғашқы медалін алды

    Ғалия Тынбаева — Гонконг қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының қола жүлдегері, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы. Ол 48 кг дейінгі салмақтың кіші финалында отандасы Абиба Әбужақыновадан басым түсті. Осыған дейін Бішкек (2021 жыл) пен Астанада(2022 жыл) өткен құрлық додасында күміс жүлдеге ие болған Абужақынова 3 «шидо» (ескерту) алып, үздік бестікті түйіндеді. Азия чемпионы рейтингте 700, күміс ...

    Read More »

    Қазақстан байдарка және каноэде есуден алтын медаль алды

    Каноэ мен байдаркада есуден Жапонияның астанасы — Токиода өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан қоржыны тағы бір алтынмен толықты, деп хабарлады Olympic.kz.  Екілік каноэден 500 метрге жарысудан аралас жұптық сында Сергей Емельянов пен Руфина Искакова жұбы чемпион атанды. Уақыт көрсеткіші — 01:57.203. Екінші  орынды Өзбекстан (02:00.105), үшінші орынды Таиланд (02:02.004) иеленді. Кешегі жарыс күнінде екі спортшы да өз дисциплиналары бойынша Париж ...

    Read More »

    Дзюдодан АЧ: Қазақстан құрамасы қола жүлдеге күш сынасады (ВИДЕО)

    Дзюдодан Гонконгта өтіп жатқан Азия чемпионатының бірінші жарыс күнінде Қазақстан құрамасындағы төрт спортшы финалға шыға алмай, қола медаль үшін күш сынасатын болды.   Абиба Әбужақынова (48 кг), Нұрқанат Серікбаев (60 кг), 66 келідегі Ғұсман Қырғызбаев пен Жанарыс Рахметқали турнирдің жартылай финалында жеңілді. Енді олар Азия чемпиоантының қола жүлдесіне таласады. Қазақстан командасының үздігі Елдос Сметов ширек финалда жапониялық Тайки Накамурадан шидо саны ...

    Read More »

    Олимпиада-2024: Қазақстанда әзірше 39 жолдама бар

    Жапонияның астанасы – Токио қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында байдарка және каноэде ескек есуден Қазақстан құрамасы Олимпиаданың алты лицензиясын жеңіп алды.   Бұл көрсеткіш өзгеруі әбден мүмкін. Алда әлі екі жарыс күні бар. Бүгін каноэде 500 метрге ескек есуде Қазақстан әйелдер құрамасы (Мария Бровкова, Руфина Искакова) чемпион атанып, жазғы Ойындарға жолдама алды. Осыдан кейін байдаркада 500 метрге жарыста Қазақстан ерлер құрамасы ...

    Read More »

    Азамат Дәулетбеков UWW рейтингінде бірінші орынға көтерілді

    Еркін күрестен Қазақстан ұлттық құрама командасының үздігі, биылғы Азия чемпионы Азамат Дәулетбеков Біріккен күрес әлемінің (UWW) жаңартылған рейтингінде бірінші орынға шықты. Балуан Қырғызстанның Бішкек қаласында Азия чемпионы атағын жеңіп алған соң, 86 келі салмақта жалпы есебі 52 400 ұпаймен бірінші орынға көтерілді. Екінші орынға 45 000 ұпаймен америкалық Дэвид Тейлор, үшінші орынға 44 000 ұпай жинаған Сан-Мариноның өкілі Амин Майлз ...

    Read More »

    Бокстан АЧ: Қазақстан құрамасы анықталды

    25 сәуір мен 8 мамыр аралығында Астанада бокстан жастар мен U-22 жас аралығындағы боксшылар арасында Азия чемпионаты өтеді. Оған қатысатын алғашқы құрам анықталды.  2006-2007 жылы туған қыздар құрамасында Азия чемпиоатына  Әнел Әбдірасылова (48 кг), Элянур Тұрғанова (50 кг), Бағжан Отынбай (52 кг), Аяжан Сыдық (54 кг), Аяжан Ермек (57 кг), Толғанай Қасымхан (60 кг), Аружан Жаңабаева (63 кг), Ұлдана Таубай ...

    Read More »