Қытайдың Сяси қаласында слаломды есуден өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы тағы екі медальді жеңіп алды. Оның екеуі де қола жүлде. Үшінші орынға Анастасия Ананьева мен Александр Куликов көтерілді. Олар каное жалғыз дисциплинасында жүлдегер атанды. Қазір Қазақстан құрамасында үш жүлде бар. Бұған дейін Екатерина Таранцева (байдарка жалғыз) күміс медаль иеленген еді. Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА
Read More »Азия чемпионаты
Слаломды есуден АЧ: Екатерина Таранцева — күміс жүлдегер!
Қытайдың Сиаси қаласында слаломды есуден Азия чемпионаты жалауын көтерді. Чемпионаттың бірінші күні Қазақстан құрамасының қоржынына бір күміс медаль түсті. Оны байдарка жалғыз дисциплинасында Екатерина Таранцева 104.82 нәтижесімен жеңіп алды. Ол мәреге екенші болып жетті. Азия чемпионаты 17 тамызға дейін болады. Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА
Read More »World Boxing: Қазақстан жастары құрмет тұғырына көтерілді
Бүгін Таиландтың астанасы — Бангкок қаласында жаңадан құрылған Бүкіләлемдік бокс ұйымының (World Boxing) ұйымдастыруымен өткен 22 жасқа дейінгі жастар арасында Азия чемпионаты аяқталды. Бұл дүрмекті додада Қазақстан құраамсының ерлер және қыздар командалары 9 медальді иеленді. Олардың бесеуі алтын жүлде болса, төртеуі күміс медаль. Нұрислам Қалдыбаев (60 кг), Санжарәли Бегалиев (80 кг), Темірлан Мұқатаев (90 кг), Гүлназ Бөрібаева (48 кг) мен ...
Read More »World Boxing: Қазақстан ерлер құрамасында бір алтын жүлде
Таиландтың Бангкок қаласында бокстан U19 санаты бойынша ерлер арасындағы Азия чемпионаты аяқталды. Бұл сында 19 жасқа дейнгі жас жігіттер бес рет финалға шығып, бір алтын мен төрт күміс медальға ие болды. Расул Ассанханов 90 келіге дейінгі салмақтың финалында үндіс Хемант Сангванды жеңіп, Азия чемпионы атанды. 60 келіге дейінгі салмақта Әділет Тортубек Иран өкілі Али Чигриханиден жеңіліп, күміс жүлдені иеленді. 70 ...
Read More »World Boxing: Қазақстан қыздар құрамасы жеті жүлде алды
Таиландтың астанасы — Бангкок қаласында Бүкіл әлемдік бокс одағының (World Boxing) ұйымдастыруымен 19 жасқа дейінгі қыздар арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы жеті жүлдемен жарысты аяқтады. Сары құрлық додасында бұрымды боксшылар 1 алтын, 1 күміс және 5 қола медаль иеленді. Ел құрамасынан Құралай Егінбайқызы (80 кг) Азия чемпионы атағын жеңіп алды. Ол финалда үнді Критика Уасанды 3:2 есебімен жеңді. ...
Read More »Бокстан АЧ: Қазақстан спортшылары бес қола медаль алды
Таиландтың Бангкок қаласында бокстан жастар арасындағы Азия чемпионаты одан әрі жалғасуда, деп хабарлады Қазақстан бокс федерациясы. Бүгін 19 жасқа дейінгі санатта әйелдер арасындағы жекпе-жектер аяқталды. Күндізгі сессияның қорытындысы бойынша Аяжан Ермек (57 келіге дейін), Құралай Егінбайқызы (80 келіге дейін) финалға шықты. Айым Танкибаева (51 келіге дейін), Жанель Имантаева (54 келіге дейін), Алина Құдайгенова (60 келіге дейін), Ақбота Есімбекова (65 келіге ...
Read More »Бокстан АЧ: Төрт спортшымыз финалда қолғап түйістіреді
Бокстан Таиландтың Бангкок қаласында жастар арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында әйелдер құрамасының төрт спортшысы финалға шықты. Азия чемпионы атағы үшін Гүлназ Бөрібаева (48 келіге дейін), Бақыт Сейдіш (70 келіге дейін), Шұғыла Нәлібай (75 келіге дейін) мен Әсел Тоқтасын (80 келіден аса салмақ) қолғап түйістіреді. Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА
Read More »World Boxing: Азия чемпионатында бес боксшымыз финалға шықты
World Boxing аясында Таиландтың астанасы — Бангкок қаласында 22 жасқа дейінгілер арасында Азия чемпионатында ұлттық құрама команданың бес боксшысы финалға шықты. Әуелі Нұрислам Қалдыбаев (60 кг) Бутанның боксшысы Дечен Дорджиді уақытынан бұрын жеңсе, Илья Калинин (65 кг) Филиппиннің өкілі Марк Эшли Фаджардомен шаршы алаңға шықпай жатып, финалға жолдама алды. Оның қарсыласы жекпе-жектен бас тартты. 70 кило салмақтағы Нұрбек Мұрсал болса, ...
Read More »Құрмет тұғырында ару қызымыз – Аружан
Біздің қазақтың қайсар қыздарының дөңгелетіп алып кетпейтін спорт түрі жоқ шығар, сірә. Тіпті, зілтемір көтеру секілді қыз балаға ауырлау спорт түрлерінде де қаракөз қыздарымыз әлем ареналарында атой салып, жүлде салып келеді. Сол көптеген спорт түрлері ішінде кәрістің таеквондо спортыннан да бұрымды қыздарымыз құр жаяу емес. Қазіргі кезде ел намысын қорғайтын қыздарымыздың Азия аймағында алдына жан салмай келе жатқынына бөркімізді лақтырып ...
Read More »Азия чемпионаты: Қазақстан паратаэквондо құрамасы бес жүлдені жеңіп алды
Малайзияның Кучинг қаласында паратаэквондодан (пумсэ) өткен Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының спортшылары 2 алтын, 2 күміс және 1 қола жүлде жеңіп алды, деп хабарлады Таеквондо федерациясы. Абзал Ахметкерей (Р31 санаты) мен Карен Овсепян (Р33 санаты) чемпион атанды. Елдос Жәнібек (Р34 санаты) пен Дәурен Серіков (Р33 санаты) күміс жүлдегер болса, Айдарбек Расқалиев (Р21 санаты) қола медальді иеленді. Енді таяу арада Астанада таэквондодан ...
Read More »