• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Дзюдо

    Әбиба Әбужақынова — дзюдодан әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

    Әбиба Әбужақынова 48 келі салмақта дзюдодан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Мажарстанның астанасы — Будапешт қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының финалында отандасымыз Италия спортшысы Ассунта Скуттоға есе жіберді. Осылайша Әбиба Әбужақынова финалға дейін жетіп, отандық дзюдо тарихында әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алған тұңғыш қазақ қызы атанды. Спортшылар 2023 жылғы әлем чемпионатында қола жүлде ...

    Read More »

    Ерасыл Қажыбаев – Бакудегі Үлкен дулыға турнирінің қола жүлдегері

    Дзюдодан ұлттық құраманың спортшысы Ерасыл Қажыбаев Әзербайжанның астанасы — Бакуде өтіп жатқан Үлкен дулыға санатындағы жарыста үздік үштікке кірді, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Аса ауыр салмақтағы (+100 кг) отандасымыз жүлде жолында грузиялық Саба Инаниешвилиді қосымша уақытта (golden score) жеңді. Айта кетейік, Ерасыл Қажыбаев үшін Баку олжалы қаланың бірі. Ол осыдан 2 жыл бұрын ...

    Read More »

    Есмигүл Куюлова Олимпиада жолдамасын иеленді

    Бұған дейін жазғы Олимпиялық ойындарға лицензияны жеңіп алған Қазақстан құрамасының дзюдошысы 63 келі салмақтағы Есмигүл Куюлова жекелей сында күресетін болады. Мұндай шешімді халықаралық дзюдо федерациясы қабылдады. Есмигүл Куюлова аты аталған ұйымның қосымша жолдамасына ие болады. Туризм және спорт министрлігінің мәліметіне қарағанда, еліміз құрамасынана жекелей сын бойынша тоғыз дзюдошы жарысқа қатысады. Осыған дейін Есмигүл Куюлова аралас командалық жарыста қатысатын болған. Ерлерден ...

    Read More »

    Косоволық қыздар тағы да Олимпиада чемпионы атағына үмітті

    Жұрттың қыздары не жеп, Олимпиада чемпионы болады, осы. Былтыр Астанаға жарысқа келген косоволық Нора Гяковамен сөйлесіп, жақын таныстым. 31 жастағы Нора Гякова – дзюдодан Токио Олимпиадасының чемпионы. Әлем чемпионатында қола және Еуропа чемпионатында 1 алтын, 4 қола медальді алған. Еуропа ойындарында 1 күміс пен 1 қола жүлдесі және бар. Косово Жапонияда өткен Олимпиадаға екі-ақ спортшы жіберген. Дистрия Красники мен Нора ...

    Read More »

    Дзюдошылар өзара Олимпиаданың жолдамасы үшін күреседі

    Қазақстан дзюдо федерациясы 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Париж Олимпиадасына қатысатын спортшыны анықтау мақсатында іріктеу белдесудің болатынын хабарлады. Іріктеу белдесуге олимпиадалық рейтингте үздік нәтиже көрсеткен балуандар Нұрқанат Серікбаев, Елдос Сметов пен Мағжан Шамшадин қатысады. Олар Олимпиадаға қатысуға үміткер спортшылар тізіміне кіріп отыр. Іріктеу белдесулері 7 маусымда ұлттық құраманың Алматы қаласында өтіп жатқан оқу-жаттығу жиынында болады. Халықаралық дзюдо федерациясы мен Халықаралық ...

    Read More »

    Дзюдодан Қазақстан атынан 60 кг салмақта Олимпиадаға кім барады?

    Францияның астанасы — Парижде болатын ХХХІІІ жазғы Олимпиялық ойындарға елу бес күн қалды. Канада, Жапония және басқа да елдер Олимпиадаға қатысатын спортшыларын түгендеп, команда құрамын жариялап жатыр. Ал Қазақстан дзюдо федерациясы Парижге кімдер баратынын қашан айтады? Әлде француз мамандар кімді жіберерін біле алмай, басы қатып жүр ме? Айына 200 мың тг алатын (ресми жауап) екі француз маманы «Үйімізге қашан кетеміз? ...

    Read More »

    Қазақстан дзюдодан әлем чемпионатын бір қола жүлдемен аяқтады (ВИДЕО)

    Дзюдодан Қазақстанның әйелдер және ерлер құрамасы Біріккен Араб Әмірліктерінде өтіп жатқан әлем чемпионатында аралас командалық жарысты аяқтады. Қазақстан құрамасы бірінші айналымда Германиямен кездесіп, 2:4 есебімен жеңіліп қалды. Ел құрамасы сапында Камила Берліқаш пен Ерасыл Қажыбаев қана қарсыластарын жеңді.  Ал Екатерина Токарева, Айдар Арапов, Бақыт Құсақбаева мен Дархан Қойбаған қарсыластарына есе жіберді. Осылайша, Қазақстан құрамасы әлем чемпионатын бір қола жүлдемен аяқтады. ...

    Read More »

    Дзюдошы Сара Леони Сизик Олимпиадаға қатысады

    Биыл — Олимпиада жылы. Өз жерінде болатын Париж Олимпиадасына француз дзюдошылары да қатысады. Осы жарыста 25 жастағы Сара Л.Сизик те алтын жүлде алуы мүмкін. Былтыр Grand Slam Astana-2023 турниріне 42 елден 334 дзюдошы келіп қатысқан еді. Онда 57 келіде француз спортшысы С.Леони Сизик жеңімпаз атанды. Сол кезде Сизикпен танысып, біраз сұрақтың астына алдым. Биыл өткен сайыстарда C.Л. Сизик Grand Slam ...

    Read More »

    Елдос Сметов Олимпиадада жүлде ала ма?

    Кеше БАӘ астанасы — Абу-Дабиде дзюдодан ересектер арасындағы ХХХVII әлем чемпионатының төртінші күні аяқталды. Жарыстың бірінші күні Қазақстан әйелдер құрамасының мүшесі Әбиба Абужақынова (48 кг) қола медаль алды. Сондай-ақ тәжірбиелі спортшымыз Олимпиаданың екі дүркін жүлдегері, әлем чемпионы Елдос Сметов (60 кг) бесінші орынға ие болды. Әлем чемпионатында Сметов нейтрал атлет Аяб Блиевтен және қола медаль үшін күресте Тайки Накамуродан (Жапония) ...

    Read More »

    Дзюдодан ӘЧ: Абиба Абужақынова екі дүркін қола жүлдегер атанды

    Ұлттық құраманың дзюдошысы Абиба Абужақынова Біріккен Араб Әмірліктерінің Абу-Даби қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Абиба Абужақынова жүлде жолында Түркияның өкілі Тугче Бедерді жеңіп, дүниежүзі бәсекесінде екі жүлде алған тұңғыш қазақстандық әйел дзюдошы болды. Ол Абу-Даби татамиінде жарысты екінші айналымнан бастап,  әуелі Түркия, содан кейін Словакия мен Бразилия құрамасының ...

    Read More »