Дзюдошы Асқар Біржанов Өзбекстанның Ташкент қаласында жасөспірімдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында жеңіс тұғырына көтерілді, деп хабарлады SportPress.kz. Отандасымыз 100 келіге дейінгі салмақта Никита Юдановты жеңіп, қола жүлдеге ие болды. Осылайша ол әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы медальді салды.
Read More »Дзюдо
Дзюдодан ӘЧ: Санжар Ерұланұлы әлем чемпионы атанды
Дзюдодан Қазақстан құрамасының өкілі Санжар Еруланұлы Өзбекстанның Ташкент қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатын жеңіп алды, деп хабарлады SportPress.kz. Ол 100 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады. Санжар Ерұланұлы финалда жапониялық Шокей Хираноны тізе бүктіріп, әлем чемпионы атанды. Осылайша ұлттық құраманың қоржынында екі медаль бар. Бұған дейін Асқар Біржанов (100 келіге дейін) қола жүлде алған еді. Бұған дейін 100 ...
Read More »Дзюдошылар додадан қоржынмен қайтып барады
Хорватияның Загребте қаласында дзюдодан Гран-при турнирі аяқталды. Бұл додада Қазақстан ұлттық құрамасы бір алтын, екі күміс медаль иеленді. Нұрқанат Серікбаев 66 келіге дейінгі салмақта алтын медаль жеңіп алды. Ал Ғалия Тыңбаева (48 кг) мен Аман Бақытжан (60 кг) жеңіс тұғырының екінші сатысына көтерілді. Сондай-ақ Эсмигүл Куюлова (63 кг) мен Ерасыл Қажыбаев (100 келіден аса) жүлдеге бір қадам жетпей, жарысты бесінші ...
Read More »Қола жүлдеге қол созым жерде жеңілді
Дзюдодан Хорватияның Загреб қаласында өтіп жатқан Гран-при турнирінде қазақ балуандары қола жүлдеге қол созым жерден бірінен соң бірі жеңіліп қалды. Ерасыл Қажыбаев 100 келіден аса салмақта Саба Инанеишвилимен (Грузия) жеңіліп, жарысты бесінші орында аяқтады. Аида Тойшыбекова 78 келіден аса салмақтың жұбаныш белдесуінде Польша өкілі Кинга Вольшчакқа жол берді. Ал Екатерина Токарева (78 кг), Камила Берліқаш (78 келіден аса), Нұржан Бисенов ...
Read More »Дзюдошы Нұрқанат Серікбаев Гран-при турнирінде топ жарды
Дзюдодан Қазақстан құрамасының өкілі Нұрқанат Серікбаев Хорватияның Загреб қаласында өтіп жатқан Гран-придің финалында жеңіске жетті. Ол 66 келіге дейінгі салмақтың финалында бразилиялық Рональд Лимамен күш сынасып, айқын басымдықпен жеңіске жетті. Осылайша Нұрқанат Серікбаев Қазақстан құрамасының қоржынына алтын медальді салды. Бұған дейін Ғалия Тыңбаева (48 келі) мен Аман Бақытжан (60 келі) күміс жүлдеге ие болған еді. Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА
Read More »Дзюдодан Гран-при турнирі: Аман Бақытжан — күміс жүлдегер!
Дзюдодан Қазақстан құрамасының өкілі Аман Бақытжан Хорватияның Загребте қаласында өтіп жатқан Гран-придің финалында күміс жүлдені қанағат тұтты. Отандасымыз 60 келіге дейінгі салмақтың финалында Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері Ян Юн Вэймен (Қытайлық Тайбэй) бақ сынады. Белдесуде Аман Бақытжан қарсыласына жол берді. Осылайша ол Қазақстан құрамасының қоржынына екінші күміс медальді салды. Бұған дейін Ғалия Тыңбаева (48 келі) күміс жүлдеге ие болған еді. ...
Read More »Ғалия Тыңбаева Гран-придің күміс жүлдегері атанды
Дзюдошы Ғалия Тынбаева Хорватияның Загреб қаласында өтіп жатқан Гран-при турнирінің финалында өнер көрсетті. Ол 48 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады. Ғалия Тыңбаева финалда биылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Италия өкілі Ассунта Скуттомен күш сынасты. Бұл жекпе-жекте италиялық спортшы жеңіске жетті. Ал Ғалия Тыңбаева Гран-при турнирін күміс медальмен аяқтады. Ол финалға дейін Азия Аванзатоны (Италия), Ева Перес Солерді (Испания), Наташа ...
Read More »Көзден кетсе де көңілден кетпейді
Ел үшін еткен еңбек ешқашан елеусіз қалмайды. Әрбір салада өз ісіне адал, еңбекқор жандар әрқашанда көпшіліктің алғысына бөленіп, өз ортасына қадірлі болады. Ал спорт саласына келсек, өз ісінің маманы болып бар ғұмырын спортқа арнап жемісін, жетістігін көрген адамдарды көріп тәнті боларымыз анық. Сондай жанның бірі және бірегейі марқұм Амангелді Исмағұлов еді. Амангелді Смағұлұлы 1941 жылы Орал облысы, Қаратөбе ауданы Сұлукөл ...
Read More »Дзюдодан Үлкен дулыға турнирінде алғашқы жүлде түсті
Дзюдодан Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Абу-Дабиде өтіп жатқан Үлкен дулыға санатындағы жарыста Қазақстан қоржынына алғашқы жүлде түсті, деп хабарлайды Egemen.kz. Талғат Орынбасар мен Елдос Сметов 60 кг дейінгі салмақта қола жүлде үшін белдесті. Нәтижесінде Талғат Орынбасар Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметовты жығып, үшінші орын алды. Ал Тәжікстанның астанасы Душанбе қаласында дзюдо күресінен жастар арасында өткен гран-при турнирінде спортшыларымыз 2 алтын, ...
Read More »Пара дзюдошы Бексұлтан Құлмырза – Азиада чемпионы!
Бүгін V Азия Пара ойындарында пара дзюдодан Бексұлтан Құлмырза еліміздің қоржынына төртінші алтын медальді сыйлады. Ол J2 санатында 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Оңтүстік Корея спортшысы Ким Донхунды жеңіп, чемпионы атанды. Сонымен бірге ерлер арасында кешенді жүзуден өткен финалдық жарыста Диас Кенжебек 200 метрді 2 минут 21.61 секундта жүзіп, күміс медаль иеленді. Бірінші болып мәреге жапониялық спортшы Минай Акито 2:18.11 ...
Read More »
SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары