• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Кездесу

    Спортқа бөлінген қаржы тексерілуі керек – Дәулет Тұрлыханов

    Бүгін Алматыда қазақтың әйгілі балуаны, грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының президенті, Азия күрес федерациясының президенті, UWW бюросының мүшесі Дәулет Тұрлыханов журналистермен кездесіп,ел спортындағы өзекті мәселелер жайында пікірін білдірді. Баспасөз мәслихаты бастала салып, Дәулет Болатұлы қазіргі күндегі елдегі жасөспірімдер, жастар және ересектер арасындағы грек-рим, еркін және әйелдер күресіндегі жасалып жатқан іргелі жұмыстар мен жетістіктерді тарқата айтып, тобықтан тартып тұрған түйінді ...

    Read More »

    Қажымұқан спорт мектебі – чемпиондар ұстаханасы

    Спорт сүйер қауым елімізде жыл сайын тамыз айының үшінші жексенбісі Спорт күні болып аталып келе жатқанын жақсы білуі тиіс. Осыған байланысты біз бүгін оқырманның назарына Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы Олимпиада резервінің республикалық мамандырылған  мектеп-интернет-колледж туралы мәлімет беріп, оның басшысы Мәлік Сапашевпен сұхбатты ұсынуды жөн көріп отырмыз. — Мәлік Әбуханұлы, келе жатқан жаңа оқу жылымен құттықтауға рұқсат етіңіз. Осы орайда өзіңіз басқарып ...

    Read More »

    «SportPреss» клубы «Динамо» кубогында күш сынасты

    Қазақстан тәуелсіздік алған жылдары экономикамыз дағдарысқа ұшырап, көптеген кәсіпорындар мен зауыттар жабылып, колхоз совхоздар тарап тарих беттерін кете бастаған ауыр бір кезең болғаны баршамызға белгілі. Сол жылдары «Қайрат», «Спартак», «Буревестник» секілді белді спорт қоғамдары өтпелі кезеңнің қийындығына шыдамай тарап кеткенде, өз шаңырағын берік ұстап қалған «Динамо» денешынықтыру және спорт қоғамы еді. «Динамо» сапында кезінде әлем, Еуропа, тіпті Олимпиада ойындарында топжарған ...

    Read More »

    «Аралас жекпе-жек ел намысын арқалап келеді» — Данияр Қасқарауов

    Астанада Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында «Alash Pride» промоушенінің ұйымдастыруымен аралас жекпе-жектен «Alash Pride FC75»  халықаралық турнирінің баспасөз брифингі өтті.  Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында аталған шаралардың өтуі мен ұйымдастырылуы жөніндегі баспасөз жиынына «ALASH PRIDE FC» промоушенінің президенті, Қазақстан Республикасының құрметті спорт қызметкері Данияр Қасқарауов, Нұр-Сұлтан қаласының Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясының басшысы Бахтияр Масанов, спорт саласының мамандары мен БАҚ өкілдері қатысты. ...

    Read More »

    Алыптар ауылдан шығады

    Жуырда Жетісу өңіріне жол түсіп барып қайтқан едік. Кезінде  Ілияс Жансүгіров өз жырларына арқау болып кестелеген Жетісу өлкесінің тұмса табиғатына сүйсініп, өзіңнің де көмейіңнен жыр суырлып шығатындай күйде боласың. Алланың нұры қонған жердің бір жаннаты дерсің. Көлікпен желдей есіп бара жатып, қазағымның кең байтақ даласына көзің тоймай тамсана қарай бересің. Бұл бір ғажап әсерлі көрініс. Талдықорған қаласына келіп табан тірегеннен ...

    Read More »

    Елге барған бір сапар

    № 34 Кенен ауылдық кітапханасында «Бала күнгі бір кітап» жобасы аясында  ауылдас ағамыз, Қазақстан Жазушылар одағының және Қазақстан Журналистер одағының мүшесі , Сейдахмет Бердікұлов атындағы сыйлықтың лауреаты, Яхонтов атындағы халықаралық «Сөз өнері» байқауының жүлдегері (Ленинград – 1989), Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясы ревизиялық комитетінің төрағасы, тұңғыш рет қазақ күресінен ашылған интернет сайттың авторы, Қазақ күресін  БАҚ арасында дамыту жолындағы еңбегі үшін ...

    Read More »

    Қаламгерге құрмет

    Бүгін Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің ұжымы қоғам қайраткері, спорт тарихшысы Қыдырбек Рысбекпен кездесу өткізді. Кездесуде белгілі жазушы, журналист жиналған қауымға өз кітаптарын таныстырып, өмірбаяны мен спортқа қатысты оқиғаларды айтып берді. Ал мектеп оқушылары қазақ спортының шежіресін түгендеп жүрген тарихшыға сұрақтарын қойып, оларға жан-жақты жауап алды. Осыдан кейін қарашаңырақтың спортшылары биыл 90 жылдығы тойланған ақиық ақын Мұқағали ...

    Read More »

    Көңіл көңілден су ішеді

     Бүгін Алматы қаласындағы Қазақ Спорт және Туризм академиясында осымен бесінші жыл қатарынан  спорт саласы бойынша өткен  марапаттау рәсімде қолы ашық, жаны жомарт меценат, кәсіпкер Рүстем Мұқатов «Тәуелсіздікке қосқан үлесі үшін» медалін алып, «Үздік спорт жанашыры» аталымының жеңімпазы атанды. Атымтай жомарт азамат бірнеше жылдан бері спортшыларға қолдау көрсетіп, олардың жаттығуларына, жарыстарға дайындалуына баса назар аударып келеді.  Сонымен бірге ол жаттықтырушылар мен ...

    Read More »

    Жүзден жүйріктер жүлде алды

    Бүгін Алматы қаласындағы Қазақ Спорт және Туризм академиясында спорт саласы бойынша жыл үздіктерін марапаттау рәсімі болып өтті. Осымен бесінші жыл қатарынан өткен іс-шараның маңыздылығы орасан зор. Біріншіден, бұл жолғы марапат Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналса, екіншіден, әлемдегі ең үздік оқу орыны мен қазақ тілінде жарық көретін спорт журналының ұйғарымымен еліміздің түкпір-түкпірінен шын мықтылар анықталып, халықтың атынан марапатқа ие болды. Ұлттық ...

    Read More »

    Дария су аққан сайын тазарады

    Желтоқсан батырлары ешқашан ұмытылмайды Алматыдағы  Орталық саябақтағы Мұхтар Әуезов атындағы стадионның жанында орналасқан күрес залында тамаша бір игілікті де сауапты спорттық шара өтті. Қазақ күресінен студенттер арасында өткен бұл дүбірлі қалалық жарыс Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Желтоқсан көтерілісінің 35 жылдығына және Желтоқсан көтерілісінің қаhарманы Ербол Сыпатаевты еске алуға арналды. Оған қаладағы 10-ға тарта Желтоқсан ұйымының басшылары құрметті қонақ ...

    Read More »